Главная Новости Кендірлі зауытында теңіз суын тұщыту процесі басталды
09 июля 2025, 13:02 381

Кендірлі зауытында теңіз суын тұщыту процесі басталды

Кендірлі зауытында теңіз суын тұщыту процесі басталды

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында жобалық қуаты тәулігіне 50 мың текше метр болатын «Кендірлі» теңіз суын тұщыту зауытына барды. Кәсіпорында 30 мамыр күні құрылыс жұмыстары аяқталды. Суды тұщыту, тұзсыздандыру және минералдандыру цехтары, сорғы станциясы, екі қосалқы станция, жөндеу-механикалық цех, гараж, қоймалар, зертхана, өрт сөндіру бекеті, қазандық салынды.

Сонымен қатар инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым — ұзындығы 80,1 км электр беру желісі, жалпы ұзындығы 201,4 км екі тармақты магистралды су құбыры, 48,1 км газ құбыры, 40,1 км автожол салынып бітті. Жобаның теңіз бөлігі бойынша теңіз түбіндегі траншеяға полиэтилен құбырлары төселді. Кәсіпорында әлемнің жетекші өндіруші компаниялардың озық технологиялары қолданылуда. Қазіргі кезде зауытта іске қосу-баптау іс-шаралары жүріп жатыр.

9 шілдеде технологиялық жабдықтардың бүкіл циклі іске қосылды, оның барысында теңіз суын тұщытуға арналған өндірістік желі тексеріледі және жуылады. Бұл процесс 72 сағатқа созылады. Сынақ іс-шаралары сәтті аяқталған кезде зауыт жұмыс режиміне көшеді.

Теңіз суын тазарту мен тұщыту — бұл күрделі процесс. «Тіршілік нәрі» зауыттан 730 метр қашықтықта теңіз үстінде орналасқан арнайы су жинайтын құрылғы арқылы тереңдігі 12 метрлік құдыққа келіп түседі. Одан кейін теңіз суы қондырғылардың көмегімен құбыр арқылы кәсіпорынға жетеді. Тұщыту цехында суды лайдан тазартуға және басқа заттарды жоюға бағытталған бірқатар процедура жасалады.

Келесі қадам – су автоматтандырылған өздігінен тазартатын сүзгілерге жіберіледі. Осыдан кейін су ультра сүзгілеу процесінен өтеді. Бұл тәсіл су құрамындағы органикалық заттарды 70-75% дейін төмендетуге және барлық қоспаларды, соның ішінде бактерияларды, бір жасушалы балдырларды және басқа да элементтерді толық жоюға (100%) ықпал етеді. Кері осмос технологиясы судың құрамын минералды қоспалардан тазартып, 99,5% тұщытуға мүмкіндік береді. Реминерализация процесі тұщы суды жоғары сапаға жеткізу үшін қажет. Хлорланғаннан кейін ол ауыз су резервуарларына жіберіледі.

Бүгінгі таңда Жаңаөзен қаласына суды екі компания «Магистральды су құбыры» ЖШС мен «Су өндіру және тасымалдау басқармасы» ЖШС жеткізіп отыр. Жаңаөзенге қазіргі бар көздерден беріліп отырған судың жоспарлы көрсеткіштерін, сондай-ақ халықтың оны тұтынудың маусымдық факторын ескере отырып, «Кендірлі» зауыты суды бастапқы кезде «қосымша режимде» өндіретін болады, яғни жетіспейтін көлемін қамтамасыз етеді. Тұщытылған теңіз суы барлық қажетті талдау мен зертханалық зерттеулер жүргізілгеннен кейін ұзындығы 100,7 км құбыр арқылы Жаңаөзен қаласына жеткізу үшін «Өзенинвест» мемлекеттік коммуналдық мекемеге жіберіледі.

Жоба стратегиялық маңызға ие. Жаңа зауыт іске қосылғаннан кейін Жаңаөзен тұрғындары мен іргелес жатқан елді мекендер ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ нысан «Астрахань — Маңғышлақ» магистралды су құбырына жүктемені азайтып, өңірдегі өнеркәсіп әлеуетін дамытуға ықпал етеді. ҚМГ-ның ірі әлеуметтік жобасы 91 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Зауыт құрылысы кезінде 650-ге дейін адам жұмылдырылған болатын.

Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылуда. Барлық эксплуатациялық, соның ішінде жабдықтарды жасаған компаниялардың қатысуымен өтетін іс-шаралар аяқталғаннан кейін нысан Маңғыстау облысы әкімдігінің коммуналдық меншігіне беріледі.

 

 

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: