Главная Новости «Кеңесіп пішкен тон келте болмайды»
11 тамыз 2021, 10:00 1712

«Кеңесіп пішкен тон келте болмайды»

«Кеңесіп пішкен тон келте болмайды»

«Қаражанбасмұнай» АҚ орталық кеңсесінде ҚБМ басшылығы екінші вахта ауысымының Кәсіподақ және цех комитетінің өкілдерімен кездесті. Жиналыста үлкен ұжымға айналған ҚБМ мұнайшыларымен интеграция бойынша атқарылған жұмыстың қорытындылары және алдағы жоспарлар талқыланды.

Кездесу барысында Бас директордың бірінші орынбасары Қуанышбай Нұрғалиев мұнайшыларға көздеген мақсатқа жету жолында күш біріктіргені үшін алғыс айтты. Соңғы жылы ҚБМ-да оң өзгерістер байқалады. Атап айтсақ, сервистік мекемелер біртұтас мұнай өндіру компаниясы болып бірікті, әлеуметтік-маңызды объектілер ашылды, стратегиялық зауыт құрылысы жүріп жатыр. Сондай-ақ 200-ден астам жұмысшының санаты көтеріліп, колледждер мен ЖОО студенттерін кен орнында оқыту бағдарламасы жүзеге асты. Оған қоса материалдық-техникалық база жаңартылып жатыр.

Әлемдегі эпидемиологиялық ахуалға қарамастан, ҚБМ жұмысшылар алдындағы барлық әлеуметтік міндеттерге асқан жауапкершілікпен қарады. Себебі, жұмысшылар үшін қолайлы жағдай жасау – ҚБМ-ның басты қағидасы. Атап айтсақ, ҚБМ жұмысшыларының балалары үшін жазғы лагерьлерде демалыс ұйымдастырылды, санаторий мен курорттарда емдеумен қамтамасыз етілді, барлық жұмысшыларға уақтылы және толық көлемде сыйақы және басқа да ынталандыру төлемдері жасалды.

Сондай-ақ басшылық Industrial Service Resources ЖШС, «Мобил Сервис Групп» ЖШС, Petroleum Industry Service ЖШС, «Caspian food» ЖШС мекемелерінің жағдайы туралы айтып берді. Басшылық ҚБМ тарапынан барлық міндеттер уақтылы және толық орындалатынын атап өтті. ҚБМ-ның сервистік компаниялар алдында қарызы жоқ. Ал ескертусіз ереуілге шығып, жұмыс процесін тоқтату заң бұзушылыққа жатады. Сәйкесінше бұл қадамдарға заң жүзінде жауапкершілік қарастырылған. Сондықтан еңбек мәселелерін бірлесіп, тек заңды түрде шешу қажет.

Еңбек мәселелерін талқылау және бірлесіп шешім шығару тұжырымдамасы ҚБМ-ға кезең-кезеңмен бірқатар тетік қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Ашық диалог барысында жұмысшылар тәлімгерлік үшін ақы төлеу, еңбекті оңтайландыру мен жатақханаға қатысты бірқатар сұрақ қойды. Басшылық қойылған сұрақтарға толық жауап беріп, жауапты мамандарға мәселелерді пысықтауды тапсырды.

Сонымен қатар жиналыста цех басшыларының жұмысшылармен үнемі байланыста болуының және өзара қарым-қатынастың маңыздылығы атап өтілді. Барлық пікір мен ұсынысты тыңдаған тараптар бірауыздан ортақ игілік үшін әрі қарай да табысты еңбек етуге сенім білдірді. Бұл істе ҚБМ-ның басты қағидаты - шешім қабылдау кезіндегі әділдік пен салмақтылық бірінші орынға қойылады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: