Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Өмірден орнын тауып, соған қарапайым болмысымен, парасат-пайымымен қызмет ете білудің адами өнегесін танытып келе жатқан ізгілігі мол азамат Асқарбек Жарылғасовтың жеке әлемі де өзіне тән шынайылығымен ерекше.
Жарылғасов Асқарбай – адал еңбегі мен табанды қызметі арқылы ортасына сыйлы еңбек адамы. Ол 1961 жылдың 8 қазанында Маңғыстау өңіріндегі Форт-Шевченко қаласында қарапайым жұмысшы отбасында дүние есігін ашқан. Әке мен ана тәлімінен дарыған еңбекқорлық қасиет оны бүкіл өмір бойы серік етті.
«Біз үйде төртеу едік. Еңбекке ерте бастан баулындық. Ойлап отырсам, бір жағы күнкөріс, бір жағы шыңдалу мектебі болыпты сол кезеңдер…», - дейді балалық шағын еске алған Асекең.
Асқарбай аға 1969 жылы Т.Г. Шевченко атындағы орта мектепке қадам басып, 1979 жылы аталған білім ордасынан түлеп ұшты. Жас жігіт сол жылы-ақ еңбек жолын бастап, 1979-1980 жылдары аудандағы «Маңғышлақрыбхолодфлот» мекемесінде қызмет етеді. 1980 жылы ел алдындағы азаматтық борышын өтеп, туған өлкеге қайта оралады. Өзінің алғашқы жұмыс орнына қайта қабылданып, балық тоңазыту басқармасында машинист қызметін атқара бастады. Біліктілігін ұштап, еңбекқорлығын шыңдай жүріп, ол 6-дәрежелі машинист деңгейіне дейін жетеді.
1997 жылы мекеме жұмысын тоқтатқан соң, Асқарбай Ақтау қаласына қоныс аударып, еңбек жолын «Ақтаукопсауда» мекемесінде жалғастырады. Ол жерде тоңазытқыш агрегатының машинисі болып қызмет етеді. 2002 жылы ол жұмыс орыны да жабылып қалғаннан кейін, Асқарбай халықты жұмыспен қамту орталығына кезекке тұрады. Көп ұзамай «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасына шақырту алып, ол жерге қабат қысымын ұстау цехының машинисі болып жұмысқа қабылданады. Мұнда да адал еңбегі мен шеберлігінің арқасында 5-дәрежеге дейін көтеріліп, өндірісте беделді маманға айналды. Еңбегі еленіп, басшылықтан алған төсбелгілері мен алғыс хаттары да жоқ емес.
Өмір өзен тоқтамай ағады. Сол секілді жылдар да сынаптай сырғи береді. Бүгінде Пайғамбар жасына жетіп, құрметті еңбек демалысына қамданған Асқарбай аға жиырма жылдан астам еңбек жолында әріптес болған ұжымға алғысы шексіз.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
175
04 декабря 19:30
До 600 детей будут бесплатно получать реабилитацию в новом центре в Кызылорде
106
03 декабря 17:46
АлЭС ищет таланты: ярмарка вакансий в ALT Университете