Главная Новости Kids Go Free жобасы: Биыл 1 мыңнан астам бала ұшақпен тегін саяхаттаған
21 желтоқсан 2022, 16:35 1298

Kids Go Free жобасы: Биыл 1 мыңнан астам бала ұшақпен тегін саяхаттаған

Kids Go Free жобасы: Биыл 1 мыңнан астам бала ұшақпен тегін саяхаттаған

Биыл «Kids Go Free» жобасы бойынша 1 мыңнан астам бала ұшақпен тегін саяхаттады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат агенттігі.

«Kids Go Free» жобасы биыл тұңғыш рет өткізіліп отыр. Болашақта бұл сұранысқа ие болады деген ойдамыз. Туристік өнімге енгізілген билеттің құнын субсидиялау шеңберінде республика аумағында кәмелетке толмаған жолаушыларды әуемен тасымалдау кезінде бүгінгі таңда 1 мыңнан астам бала қамтылды. Бұл болашақта өз жалғасын табады», - деді Нұрғиса Дәуешов.

Еске салайық, биыл елімізде «Kids Go Free» жобасы пилоттық режимде іске қосылды. Аталған бағдарлама 2-17 жастағы балалар мен жасөспірімдерге ел ішінде саяхат жасағанда тегін ұшуға мүмкіндік береді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: