Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Қаражанбасмұнай» АҚ І вахта ауысымының мұнайшылары спорттық сайыстарды қорытындылап, марапаттарға ие болса, ІІ вахта жұмысшылары үздіктерді анықтауды жалғастыруда. Олар кір тасын көтеру, қол күрес, сондай-ақ бильярд және шахмат сияқты зияткерлік ойындарда өз күшін сарапқа салды. Қаражанбастықтар аталмыш сайыстар арқылы өнер, ғылым және спорт элементтерін шебер ұштастырып келеді.
Бильярд бойынша кезекті турнирге 40-қа жуық мұнайшы қатысты. Тартысты ойын нәтижесінде күрделі құрылыс бөлімінің басшысы Нұркен Қаражанов үшінші орынға ие болды. Екінші орынға қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы Наурызбек Дүйсекенов тұрақтады. Ал электр цехының электригі Жайық Дәуешов турнир жеңімпазы атанды.

Шахмат ақыл-ойды дамытатын қуат көзі деп бекер айтылмаса керек. ІІ вахта ауысымы мұнайшыларының кездесулері ойын стилімен, әсерлі және мұқият ойластырылған комбинациялармен ерекшеленді. Нәтижесінде, үшінші орынды технологиялық көлік басқармасының жүргізушісі Бағдад Ербосынов, ал осы бөлімшенің шебері Исладин Байсегізов екінші орынды иеленді. Ал шахмат турнирінің жеңімпазы мұнай өндіру технологиясы бөлімінің инженері Марат Бугасов болды.

Кір тасын көтеру және қол күресі – мықтылар мен төзімділерге арналған спорт. Аталмыш жарысқа әртүрлі цехтар мен бөлімдерден 30-дан астам білекті жұмысшы тартысқа түсті. Кір тасын көтеруден үшінші орынды бу өндіру цехының машинисі Бақтияр Төлеубаев иеленді. Екінші орын газ цехының шебері Абай Халиевке бұйырды. Ал ТКБ жүргізушісі Азамат Картов қарсыластарынан оқ бойы озық шығып, жеңімпаз атанды.

Жігіттер қол күресінен де мықты физикалық дайындығын көрсетті. Мұнда үздік үштікті бұрғылау және ұңғымаларды жер асты күрделі жөндеу басқармасының бұрғышы көмекшісі Айбек Сатыбалдин түйіндеді. Көлік бөлімшесінің жұмысшылары барлық сайыста мықтылар тізімінен түспеді. Бұл жолы жүргізуші Есім Басшиев екінші орынға тұрақтады. БӨЦ машинисі Бақтияр Төлеубаев аталмыш спорт түрінен де үздік нәтиже көрсетіп, қол күресінен чемпион атанды.

ҚБМ ұжымы мықты нәтиже көрсеткен қатысушыларды құттықтай отырып, алдағы жарыстарға да жеңіс тілейді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
76
12 декабря 13:01
АО «Самрук-Қазына» снова в числе лидеров нефинансовой отчетности
82
11 декабря 22:17
Кто работает на ПНХЗ: прибористы