Главная Новости ҚМГ басшысы Қаражанбас кен орнындағы су тұшыту зауытында болды
01 тамыз 2022, 08:31 1082

ҚМГ басшысы Қаражанбас кен орнындағы су тұшыту зауытында болды

ҚМГ басшысы Қаражанбас кен орнындағы су тұшыту зауытында болды

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында Қаражанбас кен орнындағы суды тұщыландыру зауытының жұмысымен танысты.

1 шілдеде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірдегі ауыз су тапшылығы мәселесін шешу тапсырмасы аясында зауыт сынақтан өтті. Қазіргі уақытта Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында орналасқан зауытта суды тұщыландыру тәулігіне 6-10 мың текше метр, қыркүйекте 17 мың текше метрге дейін өндіруге (мұндай тазартылған су көлемі тәулігіне 42,5 мың текше метр жер асты суын өңдеу кезінде алынады) болады.

Аралау барысында «ҚазМұнайГаз» басшысы жобаның мердігерлерін оны іске асырудың баяу қарқыны үшін сынға алып, оның ерекше әлеуметтік маңыздылығын атап өтті.

«Қаражанбас кен орнындағы жерасты суын тұщыландыру зауытын іске қосу мерзімі коронавирус пандемиясы мен жаңа геосаяси жағдайға байланысты өзгерді. Инвесторлар мен мердігерлер жобаны іске асыру мерзімін кешіктірді. Қазіргі уақытта проблемалар шешіліп, зауыт жұмыс істей бастады. Енді Мемлекет басшысының ауыз су тапшылығы мәселесін шешу жөніндегі тапсырмасын орындай отырып, зауыттың тұрақты жұмысын және 17 мың текше метр тұщы су өндіру жоспарын орындау қажет», – деп атап өтті «ҚазМұнайГаз» басшысы.

Бұл меже орындалса зауытты іске қосу, кен орнын сумен қамту мәселесі түгел шешіледі. Егер бұрын «Астрахань – Маңғышлақ» су таратқышынан кәсіпорын су алса, енді Еділ суының бұл көлемі халықтың қажеттіліктеріне бағытталады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: