Главная Новости ҚМГ мен Eni екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады
30 қазан 2024, 16:21 65

ҚМГ мен Eni екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

ҚМГ мен Eni екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Eni компаниясының барлау және өндіру жөніндегі директоры Лука Виньятимен кездесу өткізді.

Келіссөз барысында ортақ жобаларды іске асыру барысы, Қазақстанның энергетика секторына инвестициялар тартуға бағытталған жаңа ынтымақтастық мүмкіндіктері бойынша өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары қаралды.

Тараптар Қашаған кен орнын кеңейту жобасы бойынша жұмыс барысын және Қарашығанақ кен орнында ішкі нарыққа тауарлық газ жеткізу үшін газ өңдеу зауытын салу мәселелерін талқылады. ҚМГ басшысы Асхат Хасенов жергілікті өндірісті қолдау мен қосымша жұмыс орындарын ашу үшін ірі жобаларда қазақстандық қамтуды арттыру қажеттігін атап өтті.

Маңғыстау облысында салынып жатқан гибридті электр станциясы жобасына ерекше назар аударылды. 2024 жылы шілдеде ҚМГ мен Eni Жаңаөзенде күн, жел және газ энергиясымен жұмыс істейтін қуаты 247 МВт гибридті электр станциясының құрылысына кіріскен болатын. Гибридті электр станциясы ҚМГ-ның өңірдегі еншілес компаниялары «Өзенмұнайгаз» АҚ мен «ҚазГӨЗ» ЖШС кәсіпорындарына тұрақты электр энергиясын жеткізуді қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, мұнай және газ кен орындарын жобалау саласында ынтымақтастық мүмкіндіктері сөз болды. Кездесу соңында тараптар негізгі бағыттар бойынша ынтымақтастықты күшейтуге уағдаласты.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: