Главная Новости KMG PetroChem-де жаңа басшы сайланды
28 июля 2025, 14:17 654

KMG PetroChem-де жаңа басшы сайланды

KMG PetroChem-де жаңа басшы сайланды

Диаз Диянов «KMG PetroChem» ЖШС Басқарма төрағасы болып тағайындалды. Компания ұжымына жаңа басшыны «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Дастан Абдулғафаров таныстырды.

Диаз Мұхтарұлы Диянов 1983 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Оның кәсіби тәжірибесі 20 жылдан астам уақытты қамтиды, соның 15 жылы «ҚазМұнайГаз» компаниялар жүйесінде өтті.

Әр жылдары «ҚазМұнайГаз Өнімдері» АҚ, «ҚазМұнайГаз — өңдеу және маркетинг» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС және «KPI Inc.» ЖШС-да еңбек етті.

Диаз Диянов осы тағайындауға дейін «KMG PetroChem» ЖШС-нің бизнесті дамыту жөніндегі Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарып келді.

 

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: