Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«KMG PetroChem» ЖШС («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес ұйымы) және «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) құрғақ газды сатып алу-сату туралы жаңартылған келісімшартқа қол қойды.
Бұл шикізатты жеткізуге қосымша жақсартылған кепілдіктер береді. Атап айтқанда, ТШО Атырау облысындағы газ өңдеу зауытына (ГСК) жылына 9 млрд м3 дейін құрғақ газ жеткізетін болады. Құрғақ газдан алынатын этан қуаты жылына 1,25 млн тонна полиэтилен (Атырау облысындағы «Полиэтилен» жобасы) өндіретін зауытта шикізат ретінде пайдаланылатын болады.
«Бұрын қол қойылған келісімшарттың бірқатар талабын қайта қарау арқылы Қазақстан үшін стратегиялық маңызға ие мұнай-газ химиясы саласындағы ГСК және Полиэтилен жобаларын жүзеге асыруға бір қадам жақындадық. Бұл жобалар, ең алдымен, еліміздің одан әрі индустриялық және экономикалық дамуына бағытталған», — деп атап өтті «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов.
Газ сепарациялық кешен мен Полиэтилен өндіретін зауыт құрылысының жобалары — маңызымен қатар, ауқымы мен технологиялары бойынша ел үшін бірегей жоба. Мұндай жобалар Қазақстанда бұрын-соңды жүзеге аспаған. ГСК жобасында құрғақ газдан кем дегенде 98% этан алу көзделеді, ал полиэтилен зауыты өз кезегінде премиум сапалы өнім шығаратын болады.
«ТШО — елдің мұнай-химия өнеркәсібін дамыту стратегиясын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының энергетика саласына айтарлықтай қолдау көрсететін бірден-бір кәсіпорын. ГСК жобасы үшін құрғақ газды сатып алу-сату туралы жаңартылған келісімшартқа қол қою – мұнай-химия саласындағы маңызды кезең. Ал ТШО үшін бұл негізгі шикізат жеткізуші компания ретінде үшінші ірі жоба», — деді «Теңізшевройл» ЖШС бас директоры Кевин Лайон.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!