Главная Новости Қоғамдық кеңес «Самұрық-Қазына» стратегиясының жобасына өз ұсыныстарын берді
19 қазан 2022, 08:00 817

Қоғамдық кеңес «Самұрық-Қазына» стратегиясының жобасына өз ұсыныстарын берді

Қоғамдық кеңес «Самұрық-Қазына» стратегиясының жобасына өз ұсыныстарын берді

Болат Жәмішевтің төрағалығымен «Самұрық-Қазына» қоры Қоғамдық кеңесінің отырысы болып өтті, онда Қор әзірлеген 2032 жылға дейінгі даму стратегиясының жобасы талқыланды.

Құжат Мемлекет басшысының тапсырмаларын және Қазақстанның ағымдағы әлеуметтік-экономикалық дамуын ескере отырып, дайындалған. Жыл соңына дейін оны ҚР Үкіметі бекітуі тиіс.

Стратегияға сәйкес, алдағы 10 жылда «Самұрық-Қазына» қоры портфельді тиімді басқаруға және таза активтердің құнын арттыруға бағытталады. Осы міндетті орындау аясында, Қор тобының компанияларында еңбек өнімділігін арттыру жоспарланып отыр. Екінші мақсаты – адал бәсекелестікті дамыту және Қордың Қазақстан экономикасындағы үлесін азайту. Оған портфельдік компанияларды жекешелендіру және IPO-ға шығару арқылы қол жеткізілетін болады. Оңтайландыру қорытындысы бойынша «Самұрық-Қазына» қоры активтерінің саны қысқартылады. Қор Қазақстандағы ірі инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыратын инвестор болады. Үшінші мақсаты – тұрақты даму және таза көміртегі әсерін азайту.

Отырысқа Қоғамдық кеңестің тұрақты мүшелері, сонымен қатар шақырылған сыртқы сарапшылар қатысты. Олар стратегия жобасымен мұқият танысып, оған ескертпелері мен ұсыныстарын берді. Мысалы, Сенат депутаты Ольга Булавкина тариф белгілеу мәселесіне назар аударды: компаниялардың кірістілігін арттыру үшін әлеуметтік жауапкершілікке сәйкес келмейтін тарифтерді көтеру қажет.

«Самұрық-Қазына» қорының Стратегия және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры Ернат Бердіғұловтың айтуынша, Қор сараланған тариф белгілеуге сенім артатын болады. Азаматтардың, өнеркәсіптің және бизнестің әртүрлі санаттары үшін электр энергиясына, тасымалдауға, байланысқа және басқа да қызметтерге әртүрлі бағалар енгізілетін болады. Сондай-ақ Мемлекет басшысы айтқан «инвестициялардың орнына тариф» қағидаты ескерілетін болады.

Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы кеңесінің төрайымы Елена Бахмутова «Самұрық-Қазына» қорының екі ұзақ мерзімді мақсаты бір-біріне қарама-қайшы келеді деп санайды: халықаралық деңгейдегі инвестор болу және бұл ретте, Қорда акциялардың мажоритарлық пакеті қалатын Қазақстанның ірі компанияларын операциялық басқаруды сақтап қалу.

Ернат Бердіғұлов атап өткендей, «Самұрық-Қазына» қоры шетелдік қорлардың үлгісі бойынша шетелдік инвестицияларға ғана назар аудара алмайды. Қазақстан – өз өндірісін құру, жұмыс орындарын ашу, әлеуметтік тұрақтылықты сақтау қажет болатын үлкен дамушы ел. Сондықтан «Самұрық-Қазына» қоры еліміздің қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайын ескере отырып, шетелге емес, Қазақстан экономикасына ірі инвестицияларға назар аударады. Экономист Алмас Чукин «Самұрық-Қазына» қорының стратегтері жыл бойынша жоспарды іске асырудың нақты қадамдарын егжей-тегжейлі жазып, сондай-ақ Қордың мәртебесін өзгерту мүмкіндігімен, мысалы, мемлекеттік инвестициялық корпорацияға трансформациялау мақсаттарын нақты белгілеуі тиіс деп есептейді.

Көптеген сарапшыларды «Самұрық-Қазына» қорының экологиялық жауапкершілігі және ESG қағидаттарын сақтау мәселесі қызықтырды. Ернат Бердіғұлов мәлімдегендей, алдағы 10 жылда Қор Қазақстанда жаңартылатын, газ және атом энергетикасын ғана емес, дәстүрлі көмір энергетикасын да дамытатын болады. Энергетикалық қауіпсіздік мәселелері бірінші орында тұратын болады. Сонымен қатар, Қор көміртегі шығарындыларын азайту міндеттерін өзіне алады. Тамыз айында Директорлар кеңесінің шешімімен Қордың төмен көміртекті даму тұжырымдамасы бекітілді. Болат Жәмішев Қоғамдық кеңестің жеке отырысына осы тақырыпқа жоғары қызығушылық тұрғысынан Қордың экологиялық саясаты мен ESG қағидаттары мәселелерін шығаруды ұсынды.

Отырыс қорытындысы бойынша Болат Жәмішев сарапшылардың ұсынымдарын «Самұрық-Қазына» қорының Директорлар кеңесіне, ал Ернат Бердіғұлов Басқармаға жеткізуге уәде берді. Қоғамдық кеңестің төрағасы Қор басшылығын «сарапшылардың пікірін барынша ескеруге, олар айтқан қайшылықтарды жоюға, басымдықты реттеуге және нақты жоспарланған іс-қимылдар жиынтығын неғұрлым нақты тұжырымдауға» шақырды. Ол сарапшылардан Қорға стратегия жобасын аяқтау кезінде ескерілетін кеңейтілген жазбаша ұсыныстар жіберуді сұрады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: