Главная Новости Көліксіз де ыңғайлы
23 сентября 2026, 12:46 70

Көліксіз де ыңғайлы

Көліксіз де ыңғайлы

«Самұрықнама – 20 игі іс» бастамасы аясында «АлЭС» АҚ-да Экологиялық жауапкершілік күні өтті. Оның аясында өткен шаралардың бірі «Автокөліксіз күн» челленджі болды.

Бұл күні көптеген қызметкерлер жеке көліктерін үйде қалдырып, жұмысқа басқа жолмен жетуді ұйғарды. Біреулер метроны, біреулер автобус немесе троллейбусты таңдаса, енді біреулер велосипедпен келді, ал кейбіреулері жолдың бір бөлігін жаяу

жүріп өтті.

 

Кейбіреулер үшін жүріп-тұрудың мұндай тәсілі үйреншікті болса, басқалары үшін бұл кішігірім экспериментке айналды.

- Әдетте көлікпен жүремін, бірақ бұл күні метроға отыруды жөн көрдім. Бұл әсіресе кептеліс сағаттарда өте ыңғайлы екенін байқадым, – деді Ұйымдастырушылық сүйемелдеу басқармасының бас менеджері Ілияс Кеңесбайұлы.

Басқа қызметкерлер жерүсті көлігі мен велосипедті таңдады.

- Мен велосипедпен келдім. Ауа райы мен бағыт қолайлы болса, бұл жақсы шешім: әрі қозғалыста боласыз, әрі кептелісте аз уақыт өткізесіз,» - дейді 3-ЖЭО-ның техникалық құжаттама жөніндегі жетекші инженері Махамбет Көнебаев.

 

 

-  Мен автобуспен келуді таңдадым. Әрине, бағыт аздап басқаша болады, бірақ мұндай күн жұмысқа баратын жолға басқаша қарауға көмектеседі,» - деді жөндеуді жоспарлау қызметінің бас маманы Ұлбике Серікболқызы.

Шараның мәні жеке көліктен толық бас тартуда емес, тым болмаса бір күнге басқа нұсқаны байқап көруде болды.

Метро, автобус, троллейбус, велосипед, жаяу маршруттар – әркім өзіне ыңғайлысын таңдады.

Біреулер үшін бұл күн бір реттік шара болып қалды, ал енді біреулер кейде көлікті үйде қалдыруды жалғастыруды ұйғарды.

Кейде жақсы іс үшін әдеттерді толығымен өзгертудің қажеті жоқ. Анда-санда басқа бағытты таңдап алу жеткілікті.

 

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: