Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Жаңа бағдарламаны Samruk Business Academy іске қосты.
«Комплаенс Эксперт» – комплаенс тәуекелдерін басқару саласында негізгі дағдыларды қалыптастыру мен дамытуға бағытталған мамандандырылған бағдарлама. Бағдарлама тәуекелдерді басқару іс-әрекеттеріне қатысатын мамандардың кең ауқымына арналған.
Оған комплаенс мамандары мен басшылары, ішкі бақылау және аудит бөлімдерінің қызметкерлері, сондай-ақ заңгерлер мен тәуекел-менеджерлері кіреді.
Бағдарламаны 2024 жылғы қыркүйек пен желтоқсан айлары аралығында өткізу жоспарланып отыр.