Главная Новости Контейнерлік тасымалдың инновациялық үрдістері
26 шілде 2024, 09:04 415

Контейнерлік тасымалдың инновациялық үрдістері

Контейнерлік тасымалдың инновациялық үрдістері

Жуырда өткен «Контейнерлік тасымалдың инновациялық үрдістері және мультимодальды стратегиялары» атты дөңгелек үстелде Транскаспий халықаралық көлік бағдары бойынша жүк ағынын ұлғайту және тиімділігін арттыру үшін порттардың операциялық мәселелері жағынан тәжірибе алмасуы сөз болды.

Іс-шара CILT ұйымымен бірге Орталық Азия сауда жөніндегі USAID бағдарламасы арқылы ұйымдастырылды. Жиынға Қазақстанның теңіз порттарының өкілдері, экспорттаушылар, жүк иелері, бейінді министрліктер, қауымдастықтар мен басқа да ішкі экономикалық қызмет қатысушылары, сондай-ақ «KAZLOGISTICS» ҚКО бас директорының міндетін атқарушы Талғат Лесов қатысты.  

Дөңгелек үстел бағдарламасына сәйкес, жиында негізгі үш сессия қамтылды. Атап айтқанда, «Заманауи сауда нүктелері: үрдістері, сын-қатері және болашағы», «Контейнерлік және мультимодальды тасымалды дамытуға арналған жаңа мүмкіндіктер» және «Контейнерлік және мультимодальды тасымалды ұйымдастырудағы инновациялар» деген тақырыпта өткен сессиялар барысында жиналғандар өз ой пікірлерімен бөлісіп, кедергілердің шешу жолдарын талқылады.  

Іс-шараға қатысушылар өңірлік сауда мен экономикалық дамуда Транскаспий халықаралық көлік бағдары (ТХКБ) маңызының зор екенін атап өтті және осы бағдарды логистикалық тиімділікті және экономикалық өсімді арттыру үшін қолдануға ниет танытқандар қатары көп болды.  

ТХКБ бағдарының дамуына елімізде мемлекеттік деңгейде ерекше көңіл бөлініп отыр. Жақында Сенат «Қазақстан мен Қытай Үкіметтері арасындағы Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамыту жөніндегі келісімді ратификациялау туралы» заңды мақұлдады. Келісімнің мақсаты – аталған бағдар бойынша мультимодальды тасымалдауды дамыту үшін автомобиль, теңіз және теміржол көлік түрлерінің басымдығын тиімді пайдалануға жәрдемдесу. Келісім Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша жүк тасымалдау көлемін ұлғайтуға және Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың одан әрі дамуын жақсартуға мүмкіндік береді.

Сұлугүл Бакесова

Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: