Главная Новости Қор тобы жастарының технология, білім және тәжірибе арқылы дамуы
10 июня 2026, 12:59 55

Қор тобы жастарының технология, білім және тәжірибе арқылы дамуы

Қор тобы жастарының технология, білім және тәжірибе арқылы дамуы

«Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов «Энергетикалық Жібек жолы» алаңында өткен E-Light жаңа буынның жастар мәдени фестивалінде сөз сөйледі. Қордың топ-менеджері Қазақстан мен Қытай арасында мемлекет басшылары деңгейіндегі тұрақты байланыстардың арқасында жан-жақты стратегиялық әріптестік қалыптасып, тұрақты түрде нығайып келе жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар жастардың осы ынтымақтастықты дамытудағы рөліне ерекше тоқталды. Бүгінде «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының 80 мыңнан астам жас маманы ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қатысып, заманауи технологияларды енгізіп, салалардың болашағын қалыптастыруға үлес қосуда. Қор жастардың көшбасшылық, инженерлік және цифрлық құзыреттерін дамытуға ерекше мән береді.

Сондай-ақ жасанды интеллект пен деректерді талдау (data skills) бағытындағы білім беру бағдарламаларын қолдап келеді. Бұл ретте жасанды интеллект адамды алмастыратын құрал емес, оның әлеуетін ашуға мүмкіндік беретін тиімді тетік ретінде қарастырылады. Мұндай тәсілдің тиімділігін «7 Qadam PRO» және «Master» жобаларының нәтижелері айқын көрсетеді. Аталған бағдарламалардың қатысушылары AtomSkills халықаралық чемпионаттарының жүлдегерлері атанды.

Жас мамандар Дацин қаласындағы серіктестермен ынтымақтастық аясында Қытайдың озық өндірістік тәжірибелерін меңгеруге мүмкіндік алуда.

Экологиялық бастамаларды қолдау да ерекше назарда. Соңғы екі жылда 5 миллионнан астам ағаш егілсе, 2026 жылы тағы 5,5 миллионнан астам ағаш отырғызу жоспарланып отыр.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: