Главная Новости Коронавирусқа қарсы вакцина. Не білу қажет?
06 сәуір 2021, 09:00 1125

Коронавирусқа қарсы вакцина. Не білу қажет?

Коронавирусқа қарсы вакцина. Не білу қажет?

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы вакцина бойынша маңызды сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды SKnews.kz Информбюро порталына сілтеме жасап.

Covid-19-ға қарсы салынатын вакцина қауіпті ме?

Вакцина инфекциялық агенттерді – ауру тудыруы мүмкін вирустарды, бактерияларды немесе басқа да микроорганизмдерді имитациялайды. Осылайша адамның иммундық жүйесі тез және тиімді жауап беруге "үйренеді". Covid-19-ға қарсы вакцинациялау кезінде ауру тудырмайтын, бірақ, сонымен қатар, иммундық жауапты қауіпсіз генерациялайтын, инактивацияланған немесе әлсіздендірілген вирусты пайдалана отырып фрагменттер қолданылады.

ДДСҰ жаппай қолдануға рұқсат берген вакциналар ауруларға қарсы күресте олардың қауіпсіздігін және тиімділігін дәлелдеу мақсатында міндетті түрде тестілеуден және клиникалық сынақтардан өтеді, сондай-ақ ұлттық реттеуіш стандарттарына сәйкес келетіндігі тексеріледі.

Бірінші кезекте вакцинаны кім алуы тиіс?

Коронавирусқа қарсы вакцинаны, ең алдымен, медицина қызметкерлері және халықпен жиі араласатын қауіп тобындағы адамдар алуы керек. Бұл денсаулық сақтау және экономика саласындағы жағдайды барынша тез тұрақтандыруға, сондай-ақ жаһандық пандемиядан қалпына келтіру процесін жеңілдетуге мүмкіндік береді.⠀

  • жұқпалы аурулар ауруханасының, жедел медициналық көмектің, реанимацияның, қабылдау бөлімінің, санэпидқызметтің қызметкерлері.⠀
  • мектеп, ЖОО, мектеп-интернат, мектепте дейінгі балалар мекемелерінің педагогтары, студенттер және созылмалы аурулары бар адамдар.⠀
  • ТЖМ, ІІМ, Қорғаныс министрлігі, ҰҚК қызметкерлері.⠀

Вакцинациялаудың алдында антиденелерге тест жасату қажет пе?

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдарына сәйкес, коронавирусқа қарсы вакцинациялау алдында антиденелерді анықтау үшін ИФА зерттеуін жүргізу қажет емес. Аталған инфекциямен ауырған адамдарды коронавирусқа қарсы вакцинациялау аурудан жазылғаннан кейін 6 ай өткен соң, антиденелерге скринингсіз денсаулық жағдайын ескере отырып жүргізу ұсынылады.

Қазіргі кезде дүние жүзінде қандағы антиденелердің "қорғаныш" деңгейін көрсететін бірде-бір нормативтік құжат жоқ. Яғни, клиникалық жағынан айқындалатын ауыру қаупі жоқ. Осыған байланысты, вакцинациялау алдында антиделердің деңгейін анықтау арқылы ақпарат алуға болмайды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: