Главная Новости Қоршаған орта – балалар қылқаламымен
02 маусым 2021, 09:04 1276

Қоршаған орта – балалар қылқаламымен

Қоршаған орта – балалар қылқаламымен

Халықаралық балаларды қорғау күні мен Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күні қарсаңында «Қаражанбасмұнай» АҚ жұмысшыларының балалары сурет салудан сайысқа түсті. Жас ұрпақты қоршаған ортаға ұқыппен қарауға үндейтін дода «Экология жылы» аясында ұйымдастырылып отыр.

Жарыста 7-14 жас аралығындағы 80-нен астам үміткер бақ сынады.

«Балалардың табиғатты аялауға бей-жай қарамайтыны қуантып отыр. Себебі сайысқа қатысушылардың саны көп, салған суреттері де бірінен-бірі өтеді. Үміткерлер арасында қарапайым қатысушылармен бірге, арнайы үйірмеге баратын балалар да көп болды. Бағалау кезінде картинаның идеясына, эстетикалық ерекшелігіне, мағынасына мән бердік. Қоршаған ортаны қорғауға атсалысқан әр балаға алғысымыз шексіз», – деді Қоршаған ортаны қорғау бөлімінің басшысы Еркебұлан Оспанов.

Сайыс қорытындысы бойынша 10 қатысушының картинасы таңдап алынды. Бірінші орын ең жас қатысушылардың бірі Әсемай Битановаға бұйырса, екінші сатыдан Ғаламат Теңел көрінді. Үздік үштік тізімін Ақбөбек Сатыбалды толықтырды. Бұдан бөлек тағы 7 қатысушы ынталандыру сыйлығымен марапатталды. Жеңімпаздарға мақтау қағазы мен сыйлықтар табысталды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: