Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы компаниялар тобы арасында жарияланған экология жылы аясында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Маңғыстау мұнайының 60 жылдығы құрметіне Компания қызметкерлерінің 12 жасқа дейінгі балалары арасында «Мұнайшылар – табиғат сақшысы» тақырыбында көркем сурет конкурсы өтті. Конкурс бір айға жалғасып, 30 астам жеткіншек бағын сынап, жұмыстарын сайысқа тапсырды. Жеңімпаздар мен қатысушыларды естелік сыйлықтармен және диплом-грамоталармен марапаттау рәсімі 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі күні орталық ғимаратың мәжіліс залында өтті.
«Кіл жүйрікте кім жүйрік?» демекші талғам тартысын тудырған жас қылқалам шеберлерінің жұмыстарын бағалаудың өзі оңай болмады. Шеберлігі, көркемдігі, тақырыптың ашылуы, орындалу ерекшеліктері бірінен бірі өткен жұмыстардың қай-қайсысы да ең жоғары бағаға лайық. Дегенмен, сайыс болған соң, арнайы комиссия мүшелері өз пікірлерін білдіріп, жеңімпаздар қатарын анықтады. Сонымен, бабы мен бағы қатар шауып, негізгі жүлделі орын иелері атанған төртеу тізімі төмендегідей болды:

Қалған қатысушылар да құр қол қайтпады. Көңілдерін жығып алмай, белдерін буып, биік белестерге жетелеу мақсатында Компания Басқармасы атынан оларға да ынталандыру сыйлықтары мен грамоталар табысталды. Сыйлықтар салынған қоржын ішінде балалардың жазғы демалысын мәнді де сәнді ететін қызықты сыйлықтар мен ерекше дүниелер жинақталған. Қоржандарды қолдарына алып, ішіне жасырынған сыйлықтарды көрген балғын балапандардың жүзінен қуаныштың айқын белгісі мен кіршіксіз алғыстары сезіліп тұрды.
Алдағы уақытта, конкурс қатысушыларының шығармалары Компания орталық кеңсесі мен өндірістік басқарма кеңселерінің сәнін келтіріп, ғимараттар қабырғаларынан лайықты орын алады.
(дереккөз: "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ facebook желісіндегі парақшасы)
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
228
19 марта 10:08
В Жамбылской области дали старт строительству ветропарка «Мирный» мощностью 1 ГВт