Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Осыдан 4 ай бұрын «Қаражанбасмұнай» АҚ өндірістік-техникалық блок жұмысшылары облыстық онкологиялық диспансер ауласына 250-ден астам жеміс көшетін отырғызды. Содан бері мұнайшылар үнемі сенбілік ұйымдастырып, жас өскіндерге қамқорлық жасап келеді.
Шілденің аптап ыстығына байланысты қазір суару жұмыстары аптасына бірнеше рет жүргізіледі. Өндірістік жұмысшылар мен ІТ мамандар әдеттегідей қолдарына шелек алып, талдарды байыппен суаруға кірісті.
«Әр келген сайын әрбір талды жеке қадағалап, тексеріп шығамыз. Бүршік атпаған көшеттерге ерекше қамқорлық жасалады. Тыңайтқыштар қосып, күтімді күшейткеннен кейін, тамыр жайып кеткендері бар. Аулаға егілген әр ағаштың бой түзеуі біз үшін аса маңызды», – деді Бас механик Қайрат Жаманғариев.
Демалыс күндері аталмыш блок жұмысшыларынан бөлек, ҚБМ-ның әр департаменті өздеріне бекітілген аумақта суару жұмыстарын жүргізеді. Одан бөлек облыстың әлеуметтік маңызды нысандарының ауласын тазалап, арамшөптен арылтады. Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған сенбіліктерге мұнайшылар бір үйдің баласындай атсалысады.
(«Қаражанбасмұнай» АҚ facebook парақшасынан)
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
100
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
106
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы