Главная Новости Қостанай ауданында алғашқы жайлы мектеп ашылды
04 қараша 2024, 17:11 163

Қостанай ауданында алғашқы жайлы мектеп ашылды

Қостанай ауданында алғашқы жайлы мектеп ашылды

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша салынған мектеп 900 ұл-қыз үшін жаңа білім ордасына айналды. Салтанатты ашылу Қостанай облысы Заречное ауылында өтті. Білім ошағы – жобаның Қостанай ауданында пайдалануға берілген алғашқы нысаны. 

Мемлекеттік тілде оқытатын заманауи мектеп бес блоктан тұратын үш қабатты ғимаратта орналасып, соңғы үлгідегі материалдық-техникалық жабдықтары бар. Сыйымдылығы – 900 орын. 

«Мектепте жүзден астам оқу кабинеті, STEM-зертханасы және робототехника кабинеті жұмыс істейді. Шығармашылық және спорттық әлеуетті дамыту үшін акт залы, хореографиялық зал және үш спорт залы бар. Айта кетейік, әмбебап акт залын конференц-зал немесе арт-студияға айналдыруға болады. Оқу залы бар кітапхана, мектеп оқушылары мен мұғалімдерге ыңғайлы коворкинг алаңдары, жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз етілуі – осының барлығы сапалы білім алу және балалардың дарыны мен қабілетін дамыту үшін оқу кеңістігінде қолайлы жағдай жасайды. Сондай-ақ асханаларды блоктарға бөлінген (бастауыш және жоғары буындар үшін). Мектеп кедергісіз ортаға толығымен сәйкес келеді және білім алу мүмкіндігі шектеулі балаларға бейімделген: жеделсаты, пандус және т.б. бар», - деді Қостанай облысы әкімдігінің «Қостанай облысы білім басқармасы» ММ басшысы Әлия Төртқараева.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру аясында орта білім беру ұйымдары нысандарының мақсатты құрылысы бойынша дирекциясы болып «Samruk-Kazyna Construction» АҚ белгіленді. Бюджет 5 млрд-тан астам теңгені құрады. 

«Заречное ауылындағы Жайлы мектептің құрылысы кезінде материалдық-техникалық жабдықтандыруы жағынан облыстағы үздік оқу орындары – «Назарбаев Зияткерлік мектебі» мен «Білім инновация» лицей-интернатынан кем түспейтін бірыңғай стандарт қолданылды, оның ішіне оқу жабдықтары мен жиһаздарының толық жиынтығы, ұлттық стильді ескере отырып, мектеп кеңістігінің заманауи эстетикалық тартымды көрінісі (ішкі даярлануы), оқушылар мен мұғалімдердің қауіпсіздік режимін ескере отырып, бейнебақылау, дыбыстық сигналдар орнатылған есіктер мен блоктарды (лаңкестік қауіп төнген жағдайда автоматты түрде) бұғаттау функциялары және жылдамдығы жоғары интернет, сонымен қатар мұғалімдерге арналған толық жабдықталған жұмыс алаңдары кіреді», - деп түсіндірді білім басқармасының басшысы.

Ашылу салтанатына Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқали де қатысты. Ол жиналғандарға ұлы ағартушы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының халық тәрбиесі балалық шақтан, мектептен басталатынын алға тартқан сөздерін жеткізді. 

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: