Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Қазақтелеком» компаниясы Қостанай облысында талшықты-оптикалық байланыс желілерінің (ТОБЖ) құрылысын аяқтады. Бұған дейін жоба 7 өңірде – Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар облыстарында өз межесіне жеткен болатын.
Қостанай облысында ТОБЖ жалпы ұзындығы 937 шақырымды құрады. Қазіргі уақытта мемлекеттік органдар мен әлеуметтік нысандарды жоғары жылдамдықты интернет пен байланысқа қосу жұмыстары жүргізілуде. Облыста 39 ауылдық елді мекендегі 131 бюджеттік ұйым кең жолақты интернетке қосылады.
«Жоба ауыл тұрғындары мен шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарына телекоммуникация қызметтерінің барлық мүмкіндіктерін: интернет, теледидар, телефония, бейнебақылау қызметтерін пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, «оптикаға» қосылу нүктелерінің пайда болуы «250+» жобасы аясында ауылдық жерлерде 3G/4G ұялы байланысының мобильді желілерін дамытады. Бұл екі жоба облыстың барлық ауылдарында байланысты толықтай жаңартуға негіз», – деді «Қазақтелеком» АҚ Солтүстік ӨТД бас директоры Ерсайын Дюсемалиев.
Енді Қостанай облысының ауыл тұрғындары қаладан шықпай-ақ, «Электрондық үкіметтің» барлық мүмкіндіктерін онлайн режимде пайдалана алады. Сапалы интернет аймақтағы мектеп оқушыларына қашықтан білім беру мәселесін де шешеді.
«Көктемде оқушыларды қашықтан оқытуға көшкен кезде біз бірінші кезекте интернеттің төмен жылдамдығына байланысты бірқатар күрделі мәселелерге тап болдық. Ауыл тұрғындары білім берудің осы форматына байланысты қиындықтарға кезікті. Бақытымызға орай, қазір біздің мектепте жылдамдығы жоғары интернет бар, веб-сайттар мен түрлі платформалар бірден ашылады, бұл мұғалімдерге сабақ өткізуге және сабаққа тиімді әрі сапалы дайындалуға мүмкіндік береді», – дейді Ашутасты ауылы орта мектебінің директоры Шотбай Жүсіпбеков.
Жалпы алғанда, еліміздің 14 өңіріндегі ауылдық елді мекендерді интернетпен қамтамасыз ететін ТОБЖ жобасының 90 пайыздан астамы аяқталды.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
63
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
68
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы