Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» (KPI) «Инвестициялық Форсаж» бағдарламасы аясында «FIBC» ЖШС және «Taraz Plastic» ЖШС-мен келісімге қол қойды.
Бағдарлама кәсіпорындарды қолдауға, олардың өндірістік қуатын дамытуға және дайын өнім өндіруде отандық полипропиленді қолдану аясын кеңейтуге бағытталған.
«FIBC» компаниясы қазірдің өзінде қап өндіру үшін KPI полипропиленін пайдаланады. «Инвестициялық Форсаж» бағдарламасы аясында компания қап өндіру қуатын арттырып, елімізде бұрын өндірілмеген өнім, мультифиламентті жіп өндіруге арналған жабдық орнатты. Келісім компанияның KPI-мен ынтымақтастығын одан әрі дамытуға және полипропиленнің ай сайынғы тұтыну көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. «FIBC» ЖШС коммерциялық директоры Қайрат Тайбукенов:
KPI-мен ынтымақтастық шикізатпен тұрақты қамтамасыз етуге және көлемді одан әрі арттыруды жоспарлауға мүмкіндік береді. Полимерлік қаптама мен мультифиламентті жіп өндірісін дамыту өнім шығаруды кеңейтіп, компанияның өндірістік мүмкіндіктерін күшейтуге жол ашады.
«Taraz Plastic» компаниясы да KPI полипропиленін тұрақты негізде қайта өңдеп келеді. Кәсіпорын шикізатты шөпті престеп бууға арналған шпагат өндіруде пайдаланады. «Инвестициялық Форсаж» бағдарламасы аясында кәсіпорын өндірістік қуатын ұлғайтып, өнім шығаруды одан әрі кеңейтуді жоспарлап отыр. Осыған байланысты компания полипропиленнің ай сайынғы тұтыну көлемін арттырады.
«Инвестициялық Форсаж» бағдарламасы - отандық қайта өңдеушілерді қолдаудың негізгі құралдарының бірі. Бағдарлама аясында KPI кәсіпорындарға жабдық сатып алу және өндірістік қуаттарды дамыту жобаларын іске асыруға қолдау көрсетеді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
271
07 октября 19:03
33 года в энергетике: от ученика до наставника