Главная Новости ҚТЖ – 25: Маңғыстаулық локомотившілер марапатталды
06 қыркүйек 2022, 12:52 1572

ҚТЖ – 25: Маңғыстаулық локомотившілер марапатталды

ҚТЖ – 25: Маңғыстаулық локомотившілер марапатталды Фото: Шахида Жұман

Маңғыстау локомотив пайдалану депосының бір топ қызметкері ұлттық компанияның 25 жылдығына орай мерейтойлық төсбелгімен марапатталды. Олар – Маңғыстау, Бейнеу, Өзен, Шетпе станциясында еңбек етіп, Маңғыстау локомотив депосының шаруасын дөңгелетіп отырған тепловоз машинистері мен өзге де мамандар.  

Маңғыстау локомотив депосынан кеудесіне «ҚТЖ - 25 жыл» төсбелгісін таққандар қатарында депо бастығы Сандыбай Күзембаев, машинист-нұсқаушы Руслан Екшембиев, екінші класты тепловоз машинистері Сырым Әлжанов, Үргенішбай Абенов, Әмірхан Абдрахманов, Бисенбай Кұрмантаев, Бегкен Ахметов, инженер-технолог Серік Алмажанов, тасымалдау құжаттарын өңдеу орталығының бастығы Бақтыгүл Арықбаева болды.  

Бейнеу айналым депосынан ТҚК-2 жөндеушісі Алий Халиманов, тепловоз машинистері Сағындық Тұрақбаев, Көбейсін Жайылханов, Аманқос Мандыбаев, Мамыт Қозыбеков, Камалатдин Қаржауов, инженер-технолог Саламат Есбергенов, депо кезекшісі Қайрат Берназаров пен нарядшы Алтынгүл Хайдарова, оператор Маржан Хайдарова лайық деп танылды.  

Жаңаөзен айналым депосынан Маңғыстау локомотив депосы бастығының сол жердегі орынбасары Амандық Аралбеков, таспа тексеруші инженер Арзу Досбосынова, ал Шетпе станциясынан маневрлік тепловоз   машинисі Бердіғали Ерниязов мерейтойлық медаль иегері атанды.  

«ҚТЖ мерейтойы – теміржолшының мерейтойы. Сондықтан марапаттарды теміржолшылардың жұмыс орнына барып, ұжым ортасында, салтанатты түрде табыстаудамыз. Бұл енді ғана еңбекке араласып келе жатқандарға үлгі болады және олар теміржолдың тағлымды тарихымен танысып, кәсібіне құрметі арта түседі деген сенімдеміз. Марапатталған азаматтардың қай-қайсы болсын, ең кемі 25-30 жылдан еңбек өтілі бар. ҚТЖ-мен бірге жасасып келе жатқан олар қандай құрметке де болсын лайық», – дейді Маңғыстау локомотив пайдалану депосы кәсіподақ ұйымының төрағасы Әбілсейіт Нәбиханов.  

Орайы келгенде айта кетейік, Көлік қызметкерлері күніне орай жылдың «Үздік маман», «Кәсібі бойынша үздік» номинациясын алғандар да осы деподан шыққан еді. Машинист-нұсқаушы Өмірбай Бисенов «Үздік маман», машинист Қуантай Алижанов «Кәсібі бойынша үздік» атанған. Ал тепловоз жөндеуші Жандос Ниязов «Адал еңбегі үшін» белгісімен марапатталған.  

Шахида Жұман

Дереккөз: «Қазақстан теміржолшысы»

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: