Главная Новости ҚТЖ-да «Қонақ дәрістері» бағдарламасы басталды
20 ақпан 2023, 14:45 930

ҚТЖ-да «Қонақ дәрістері» бағдарламасы басталды

ҚТЖ-да «Қонақ дәрістері» бағдарламасы басталды

ҚТЖ-да Ұлттық компания мен «Логистика және көлік академиясы» АҚ арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде іске асырылатын «Қонақ дәрістері» бағдарламасы басталды, деп хабарлады Rail-news.kz.

Бірінші дәріс барысында «ҚТЖ - Жүк тасымалы» ЖШС – «Алматы жүк тасымалы» филиалының техникалық оқыту нұсқаушысы Ағабек Ақтамберді өзінің білімімен және тәжірибесімен бөлісті.

Академия студенттеріне теміржол көлігінде кешенді қауіпсіздік қалай қамтамасыз етілетіні туралы айтылды.

Теміржол қауіпті аймақ болып қала беретіні, қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамау орны толмас салдарға әкелуі мүмкіндігі қаперге салынды.

«Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау процесінде тетік ретінде жұмыс істейтін көптеген қызметтер жұмылдырылып жақсы жолға қойылған. Бұнда үзілістерге жол бермес үшін, ең бастысы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ережелер мен нұсқаулықтармен ойластырылған және реттелген», - деп атап өтті спикер.

«Қонақ дәрістері» бағдарламасы теміржол саласының мамандарымен кездесулер ұйымдастыруды, сала сарапшыларымен тікелей қарым-қатынас жасау мүмкіндігін және теміржол көлігі мамандығының қыр-сырымен танысуды көздейді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: