Главная Новости ҚТЖ жаңа теміржол желілерінің құрылысына 13 мыңға жуық адам тартылған
30 июля 2025, 18:37 519

ҚТЖ жаңа теміржол желілерінің құрылысына 13 мыңға жуық адам тартылған

ҚТЖ жаңа теміржол желілерінің құрылысына 13 мыңға жуық адам тартылған

“Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниясы” АҚ ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруда, бұл жобалар елеулі әлеуметтік-экономикалық әсер береді. Жаңа теміржол желілерінің құрылысына Қазақстан бойынша 13 мыңға жуық адам тартылған.

Қазіргі уақытта Достық – Мойынты учаскесінде екінші жолдардың құрылысы аяқталуға жақын. Алматыны айналып өтетін теміржол, Дарбаза – Мақтаарал және Бақты – Аягөз бағыттарында жұмыстар жалғасуда.

Сонымен қатар, Мойынты – Қызылжар желісін салу және Алтынкөл – Жетіген учаскесін жаңғырту жобалары басталды. Бұл жобалар жол төсеуден бастап көпірлер мен байланыс нысандарын салуға дейінгі ауқымды жұмыстарды қамтиды.

Жұмыстарға түрлі сала мамандары – инженерлер, жобалаушылар, геодезистер, көпір салушылар және басқалар тартылған. Бұл жергілікті тұрғындардың жұмыспен қамтылуына және жақын маңдағы өңірлерде шағын бизнестің дамуына оң ықпал етуде. Құрылыс отандық компанияларға серпін беріп, өндірістік қуатты арттырып, кадрлардың біліктілігін көтерді. Құрылыс аяқталғаннан кейін жаңа теміржол желілерін пайдалану және техникалық қызмет көрсету салаларында тұрақты жұмыс орындары ашылады деп күтілуде.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: