Главная Новости ҚТЖ жүк тасымалы бойынша оң динамикаға қол жеткізді
10 қараша 2022, 12:24 917

ҚТЖ жүк тасымалы бойынша оң динамикаға қол жеткізді

ҚТЖ жүк тасымалы бойынша оң динамикаға қол жеткізді

2022 жылдың 10 айында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ желісінде жүк тиеу бойынша жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Геосаяси жағдайға байланысты қиындықтарға қарамастан, бұл көрсеткіш өткен жылға қарағанда 100 пайызға орындалып, 212 млн. тонна жүкті құрады. Республика бойынша 141 млн тонна жүк жеткізілсе, бұл өткен жылдан 3,4 млн тоннаға артық, экспортқа – 70,7 млн тонна жөнелтілді.

Өнімнің экспорты мен импорты үшін басым бағыттардың бірі Қытай халық республикасы болып қала береді. 10 ай ішінде Қытайдың Қазақстанмен шекарасында жүк тасымалының көлемі 12% өсті. Достық – Алашаңқай және Алтынкөл – Қорғас темір жол өткелдері арқылы 19,4 млн тонна жүк тасымалданды. ҚХР-дан транзит 16%, қазақстандық тауарлардың экспорты 12% өсті.

Контейнерлік тасымалдар жеделдетілген қарқынмен өсуде. Соңғы алты жылда (2016 жылдан 2021 жылға дейін) Қазақстан аумағы арқылы контейнерлік транзит 4,3 есеге – 245 мың ЖФЭ-ден 1 млн 66 мың ЖФЭ-ге дейін ұлғайды. 10 айда контейнерлерде астық тасымалдау 6 есе өсті. Тас көмір, мұнай коксы, шойын және құрама жемді контейнерлермен тасымалдау жүзеге асырылды, бұрын бұл жүктер мұндай ыдыста тасымалданбаған еді.

Тиеу өсімінің негізгі драйвері 88,7 млн тоннадан асты. Өткен жылы таскөмірді тасымалдау көрсеткіші 2,8 млн. тоннаны құрады. Оның ішінде республика ішінде 61,3 млн тонна тасымалданған, бұл өткен жылғы деңгейден 1,1 миллионға жоғары. Қатты отынның экспорттық жөнелтілімдері 1,7 млн тоннаға, яғни 27,5 млн тоннаға дейін өсті. Астық 7,7 млн тонна тасымалданды, бұл өткен жылдан 408 мың тоннаға жоғары, оның ішінде экспортқа – 6 млн тонна (+554 мың тонна).

Мұнай өнімдерін тиеу 975 мың тоннаға (15,4 млн тоннаға дейін), химиялық тыңайтқыштар 94 мың тоннаға (3,3 млн тоннаға дейін), түсті кен 246 мың тоннаға (18,7 млн тоннаға дейін) және құрылыс заттарын тиеу 247 мың тоннаға (13,6 млн тоннаға дейін) өсті.

Жыл басынан бері жүк айналымы шамамен 210 млрд тонна шақырымды құрады, өткен жыл деңгейінен 6% асып түсті. Бұл ретте, 2021 жылы жүк айналымы 239 млрд тонна шақырымға жетті және ҚР тәуелсіздігінің барлық жылдарында тарихи ең жоғары деңгейге айналды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: