Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
2022 жылдың 9 айында "Кедентранссервис" АҚ елордалық жүк терминалымен 147 мың тоннадан астам жүк өңделді. 2,5 мыңнан астам вагон, 2,9 мың 20 футтық контейнер жүк тиелді.
Жүктер номенклатурасы әр түрлі: техника, автомобильдер, құрылыс жабдықтары мен материалдары, көмір, қағаз, дәрі-дәрмек және тамақ өнімдері. Терминалдан өнім елордалық базарларға, Еуропа, Азия елдеріне, Қазақстан Республикасының барлық өңірлеріне жөнелтіледі.
Терминал жүктерді, контейнерлер мен вагондарды тиеуді, түсіруді, сақтауды жүзеге асырады. Жүктерді өңдеу, көліктік-экспедициялық қызмет көрсету қызметтерін ұсынады, "бір терезе" қағидаты бойынша жұмыс істейді және жүктерді "door to door" логистикалық схемасы бойынша - есіктен есікке дейін түпкілікті тұтынушыға жеткізеді. Терминал 1997 жылы пайдалануға берілді. Жалпы алып жатқан ауданы 23 гектардан асады, аумақта 17 кірме жол бар (олардың ұзындығы 8,1 мың метрден асады), оның ішінде тиеу-түсіру, жалғау, көтеру және көрме жолдары бар. Терминал ірі тоннажды контейнерлерді тиеуге, түсіруге және сұрыптауға арналған 4 тірек крандарымен, тиегіштермен және өзге де техникамен жабдықталған.
Кәсіпорын тәулік бойы жұмыс істейді. Оның ұжымы-көп жылдық тәжірибесі бар білікті мамандар.
Кедентранссервис" АҚ көліктік-логистикалық және терминалдық қызметтердің ірі операторы болып табылады. Компанияның активінде Қазақстанның барлық ірі өңірлерінде, сондай-ақ шекара маңындағы түйісулерде орналасқан 17 терминалы бар. "Кедентранссервис" АҚ паркінде 4,4 мыңнан астам фитингтік платформа бар, қойма үй-жайларының ауданы 2 млн шаршы метрді құрайды. Тәулігіне терминалдар 250-ден астам вагон, 14 мың тоннадан астам жүк, 800-ден астам ЖФЭ өңдейді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!