Главная Новости ҚТЖ өкілдері қазақ-өзбек астық конференциясына қатысты
19 қыркүйек 2024, 14:30 115

ҚТЖ өкілдері қазақ-өзбек астық конференциясына қатысты

ҚТЖ өкілдері қазақ-өзбек астық конференциясына қатысты

Өзбекстан астанасында қазақстандық аграршылардың, Өзбекстанның астық және май нарықтары өкілдерінің қатысуымен Asia Grains&Oils Conference in Tashkent 2024 төртінші халықаралық конференциясы өтті. 

Жиында жұмыс пен ынтымақтастық шарттары, сыртқы сауда географиясы, логистикалық тізбектер талқыланды.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ - "Интеграцияланған жоспарлау дирекциясы" филиалы директорының орынбасары Ғани Есенбаев биыл 8 айдағы ҚТЖ желісі бойынша астық тасымалдау қорытындысын жариялады. Теміржол көлігімен 5,2 млн тонна астық тасымалданды, оның ішінде экспортқа жөнелтілгені - 4 млн тонна. Қазақстан бойынша тасымалдау 4%, яғни 1,2 млн тоннаға дейін өсті.

Ұнтақ өнімдерін жөнелту 17,4% өсіп, 2,3 млн тоннаны құрады. Экспорт 20%, яғни 1,8 млн тоннаға дейін өсті. ҚХР - ға тасымалдардың 1,8 есе, Тәжікстанға - 38%, Ресейге-14% өсуі байқалды.

Қазақстандық астық пен ұнтақ өнімдерін өткізудің негізгі нарықтары дәстүрлі түрде Орталық Азия, Ауғанстан, Иран және ҚХР елдері болып қалып отыр. Соңғы 3 жылда Қытайға астық экспорты 5,7 есе өсті.  

Сарыағаш МАТП өткізу қабілетін арттыру бойынша Өзбек теміржол әкімшілігімен қабылданып жатқан ұйымдастырушылық және техникалық шаралардың арқасында Орталық Азия бағытында және одан әрі үшінші елдерге тасымалдар кестеге сәйкес жүріп жатыр.  Алайда, Болашақ (Түрікменстан), Оазис (Өзбекстан) және Ақтау порты (Қазақстан) сияқты түйіспелер жүктелмеген күйінде қалып отыр.

Сондай-ақ, халықаралық конференция аясында ҚТЖ өкілдері мен Өзбек теміржол әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Хикматулла Рахметовтың кездесуі өтті. Транзиттік және экспорттық қатынастарда Өзбекстан аумағы бойынша астық жүктерін, көмір өнімдерін тасымалдау және маршруттау мәселелері талқыланды.  

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: