Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
2023 жылы маусымда «ҚТЖ»ҰК" АҚ-да тәжірибелік және тұрақты пайдалануға «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Автоматтандыру және цифрландыру дирекциясы» филиалы әзірлеген АТ-жүйелер енгізілді.
Атап айтқанда, «Түйіспесіз жол жағдайын бақылау" автоматтандырылған жүйесі («ТЖЖБ»АЖ) 2023 жылы 15 маусымда тәжірибелік пайдалануға берілді. ТЖЖБ АЖ түйіспесіз жол жағдайын бақылау процесін, жол шаруашылығы жұмысшыларын техникалық жағдай туралы ақпаратпен қамтамасыз ету және рельс бунақтарындағы температуралық қысым өзгерісін бақылауға арналған.
«ТЖЖБ» АЖ құрудағы мақсат – түйіспесіз жолдың рельс бунақтарының бірыңғай деректер базасын құру, түйіспесіз жол жағдайын бақылау, рельс бунақтары температурасының ауытқуын жедел анықтау, рельс бунақтарының жағдайы туралы ақпараттар жинаумен байланысты жұмыстарды оңтайландыру.
«Электронды құжаттарға қол қою» автоматтандырылған жүйесі (ЭҚҚ АЖ) 2023 жылы 19 маусымда тұрақты пайдалануға енгізілді. ЭҚҚ АЖ жеке крипто-провайдер негізінде электронды цифрлық қолтаңбасы генерациялау және «ҚТЖ» ҰК» АҚ-дағы заңи мәні бар электронды құжаттарды бекіту және келісу процесінің жеделдігін арттыруға бағытталған.
ЭҚҚ АЖ құрудағы мақсат – ақпараттық қауіпсіздік және электронды құжаттармен алмасу (төлемдер мен ақша түсімі тізілімі, төлем күнтізбесі), құжатты келісу және бекіту, оның бастама көтерушіден бастап орындаушыға дейінгі орындалу процесінің жеделдігін арттыру.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да ішкі аудит қызметінің автоматтандырылған жүйесі (ІАҚ АЖ) 2023 жылы 20 маусымда тәжірибелік пайдалануға берілді.
ІАҚ АЖ-н автоматтандырудың негізгі нысанына аудит ұсынымдарын орындауға мониторинг жүргізу, ұсынымдар, аудиттер құруға арналған «ҚТЖ» ҰК» АҚ ішкі аудит Қызметі қызметкерлерінің жұмысы жатады.
ІАҚ АЖ негізгі бағытына жеделдікті арттыру үшін жүйе құру, аудиттің үздіксіз толық циклын қамтамасыз ету, уақытша және еңбек ресурстарын оңтайландыру, сонымен қатар бақылау іс-шаралары нәтижелері бойынша ақпараттар қауіпсіздігі мен сақталуын қамтамасыз ету кіреді. Бұл аудиторлық рәсімдер және өзін өзі бақылау рәсімдерін жүргізу жылдамдығын, материал сапасын, алмасу жылдамдығын, компания басшылығына ақпарат беру және өңдеу жылдамдығын арттыруға септік етеді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
37
23 декабря 14:19
Ерболат Досаев «Самұрық-Қазына» Директорлар кеңесінің құрамына енді