Главная Новости ҚТЖ сұйытылған газ бен мұнай өнімдерін үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз етуде
30 қазан 2023, 08:57 1288

ҚТЖ сұйытылған газ бен мұнай өнімдерін үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз етуде

ҚТЖ сұйытылған газ бен мұнай өнімдерін үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз етуде

Мұнай өңдеу зауыттарынан жүктерді тасымалдауға арналған барлық өтінімдер 100% қамтамасыз етіліп, тиеу станцияларына жақындағанда цистерналардың үш тәуліктік қоры жинақталды.

ҚР Энергетика министрлігінің, облыстар әкімдіктерінің, ҚТЖ және мұнай өңдеу зауыттарының қатысуымен кеңес өтіп, онда цистерналарды ілгерілету проблемалары жоқ және зауыттар өтінімдер бойынша берілген барлық вагондарды игеріп жатқаны атап өтілді.

ҚТЖ-да СТГ және мұнай өнімдерін тасымалдау жөніндегі штаб тәулік бойы жұмыс істейді, вагондардың қозғалысы ерекше бақыланып, жүктерді тұтынушыларға жеткізудің нормативтік мерзімі мен вагондарды түсіру фронттарына дейін жеделдетіп беру қамтамасыз етілген.

     Сонымен қатар, өңірлерде СТГ және мұнай өнімдері қорларының жинақталуына жергілікті атқарушы органдардың тиеуге өтінімдерді уақтылы беруі, мұнай өңдеу зауыттарының тиеуді төлеуі және бөлуі әсер етеді.

Мұнай өнімдері мен газды тасымалдауды ұйымдастыру үшін жеке операторлардың арнайы жабдықталған вагон-цистерналары пайдаланылады.

Ағымдағы жылғы қазан айының 26 күнінде 122,6 мың тонна СТГ және 616,8 мың тонна бензин мен дизель отыны тиеліп, жоспардыңорындалуы 100% құрады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: