Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да компанияның желілік бөлімшелерінің басшылары мен Көліктегі ІІД өкілдерінің қатысуымен темір жолындағы өндірістік емес жарақаттануды төмендету мәселелері бойынша кеңес өтті, деп хабарлады Rail-news.kz.
Темір жолда жарақаттанудың негізгі себебі әлі де азаматтардың абайсыздық және қауіптілігі жоғары аймақта болу ережелерінің талаптарын сақтамауы болып табылады. Ең көп бұзушылықтар Алматы, Шымкент, Ақмола және Қызылорда жол бөлімшелерінің аймақтарында тіркелді.
Азаматтардың жарақаттануын болдырмау үшін ҚТЖ-дағы магистраль объектілерінде тұрақты негізде ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар жүргізіледі.
Адамдардың жолға рұқсатсыз шығуына тосқауыл қою үшін станцияларда шамамен 300 км қоршау орнатылды.
2024 жылдың соңына дейін Астана – Ақтөбе, Астана – Атырау, Астана – Защита, Алматы – Маңғышлақ, Алматы – Жезқазған, Астана – Орал учаскелерінде темір жол бойында 100 шақырымнан астам қоршау орнату жоспарлануда.
Сондай-ақ Жаңаарқа (Қарағанды обл.), Жіңішке (Ақтөбе обл.), Достық (Алматы обл.) станцияларында жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдерін салу көзделген.
Білім беру мекемелерінде түсіндіру-профилактикалық жұмыстарға көп көңіл бөлінуде. Құқық қорғау органдарымен бірлесіп теміржол көлігі аймағында бөгде адамдардың болуына жол бермеу үшін рейдтер жүргізіледі.
Қабылданған шараларға қарамастан, азаматтар арнайы жабдықталған өткелдер мен көпірлерді елемей, рұқсат етілмеген жерлерден өтуін тоқтатар емес. Сонымен қатар, оңтүстік өңірлерде елді мекендер тұрғындарының қолданыстағы қоршау құрылғыларына қасақана зақым келтіру жағдайлары тіркелген.
Жазатайым оқиғалар қаупін болдырмау үшін кеңеске қатысушылар теміржолшылардың құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдармен тығыз қарым-қатынас жасауы қажеттігін атап өтті. Алматы, Шымкент, Ақмола және Қызылорда жол бөлімшелері басшыларына темір жолда азаматтардың жарақаттануының алдын алу бойынша профилактикалық жұмысты күшейту ұсынылды.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
222
13 марта 17:18
Компании группы АО «Самрук-Қазына» удостоились ряда наград Казахстанской фондовой биржи