Главная Новости ҚТЖ трансформациясында ел мүддесі ескеріледі
26 қазан 2022, 13:30 1083

ҚТЖ трансформациясында ел мүддесі ескеріледі

ҚТЖ трансформациясында ел мүддесі ескеріледі

«Қазақстан темір жолы» компаниясын трансформациялау елдің мүддесін ескере отырып жүзеге асырылады. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдің жауабында айтылған, деп хабарлады ҚазАқпарат агенттігі.

«Қазіргі уақытта «Қазақстан темір жолын» ұлттық көлік-логистикалық компанияға айналдыру бойынша алдын ала ұсыныстар дайындалды. Бұл ретте, аталған ұсыныстар ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің алаңында құрылған, құрамына мемлекеттік органдардың, ҚТЖ, «Атамекен» ҰКП және бизнес-қоғамдастықтың өкілдері кіретін жұмыс тобы аясында қаралады. «Қазақстан темір жолы» трансформациясы елдің және қазақстандық бизнес-қоғамдастықтың мүдделерін ескере отырып жүзеге асырылатын болады», - деп атап өтеді Роман Скляр.

2022 жылдың 7 шілдесінде Ақордада өткен еліміздің көлік-транзит әлеуетін дамыту жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясын толықтай жаңғырту қажет деп есептейтінін айтқан болатын.

«Қазақстан темір жолын ұлттық көлік-логистика компаниясы ретінде трансформациялайтын уақыт келді деп ойлаймын. Бұл ҚТЖ-ның мандаты мен міндеттерін кеңейтуге, компанияға еліміздің көлік-транзит әлеуетін дамыту жұмыстарын кешенді түрде жүргізуге мүмкіндік береді», – деген еді Президент.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: