Главная Новости Курчатов Қазақстандағы алғашқы "оптикалық" моноқала болмақ
08 тамыз 2022, 15:12 1485

Курчатов Қазақстандағы алғашқы "оптикалық" моноқала болмақ

Курчатов Қазақстандағы алғашқы "оптикалық" моноқала болмақ

Еліміздің басты телеком операторы мыс желілерін талшықты-оптикалық байланысқа толық ауыстыра отырып, Курчатов қаласын оптикалық желіге қоспақ, тиісінше Курчатов оптикаға толық көшетін бірінші моноқала атанбақ.

Бастама телекоммуникация желілерін жаңғырту бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Курчатов – өңір орталығы Абай облысынан 140 км қашықтықта орналасқан шағын қала. Ағымдағы жылдың соңында-ақ, қала Қазақстанның алғашқы толық "оптикаланған" моноқаласы болады деп күтілуде. Курчатовта жүзден астам көп қабатты үйлер бар, тұрғындарының саны он екі мыңнан асады.

«Мыстан оптикаға көшу жобасын жүзеге асыру үшін Курчатов қаласының таңдалуы тегін емес. Қала шағын, мыс желілері ескірген жағдайда қысқа мерзімде ауыстыруға болатындай етіп тартылған. Жаңартылған байланыс арналары цифрлық қызметтердің сапасын арттыруға және клиенттердің келешектегі қажеттіліктеріне сәйкес келетін қызмет ұсынуға мүмкіндік береді» - дейді ««Желі» дивизионы» бірлестігі өндірістік қамтамасыз ету жөніндегі директорының міндетін атқарушы Ғазинұр Райымханов.

Моноқаланың желісін жаңғыртуға (дедупликациялау) бағытталған ауқымды жоба 29 шақырымға жуық мыс желілерін қамтиды. Қазір мыс желісі бұрын салынған талшықты-оптикалық байланыс желілерімен қатар пайдаланылуда. Компания клиенттеріне бір мезгілде "мыс" және "оптика" бойынша да қызметтер қолжетімді: шығындарды оңтайландыру және желілерге "қосарланған қызмет көрсетуден" арылу мақсатында телеком-оператор ағымдағы клиенттік базаны деректерді берудің неғұрлым заманауи технологияларына ауыстырады және ескірген байланыс желілерін алып тастайды.

Телекоммуникация желілерін жаңарту кезінде "Қазақтелеком" түрлі техникалық шешімдерді жүзеге асыратын болады: дауыстық шлюздерді немесе ONT-терминалдарды орнату не түпкілікті тұтынушының пәтеріне оптикалық талшықты тарту. Бұл құралдарды таңдау үйдің орналасуына, телеком-оператордың қолданыстағы оптикалық желілерінің жақындығы мен қол жетімділігіне байланысты болады. Пилоттық жобаны сәтті аяқтау үшін Курчатовта шамамен 14 км жаңа талшықты-оптикалық байланыс желілерін салу және тарту жоспарланған.

Барлық осы іс-шаралар клиенттер үшін оң әсер етеді, яғни интернет жылдамдығы артып, байланыс тұрақты болады. Сонымен қатар, ауа-райының нашарлауы немесе кәбілде саңылаулардың пайда болуы сияқты мәселелер байланыс сапасына әсер етпейді, өйткені талшықты-оптикалық желінің мыстан айырмашылығы, электромагниттік толқындарға, кернеудің жоғарылауына және басқа сыртқы кедергілерге сезімтал емес, ол мыс желілерге қарағанда төзімді әрі тозу мерзімі ұзақ.

Ағымдағы жылдың тамыз айының басындағы жағдай бойынша Курчатовтағы "Қазақтелекомның" клиенттік базасының 60% астамы "оптика" пайдасына таңдау жасады, жалпы жылдың соңына дейін 800 пайдаланушыны заманауи технологияға ауыстыру күтілуде. Курчатов қаласының тұрғыны Анна Жердева жаңа технологияға көшкеннен кейінгі өз әсерімен бөлісті.

«Соңғы уақытқа дейін біз "Megaline" қызметін пайдаландық, жылдамдығы көңіл көншітпейтін, қуана-қуана "оптикаға" ауыстық. Үйдегі интернет топтамасына мобилді байланыс және цифрлы телевидение қызметтері қосылды, тұтастай алғанда, қызметтің құны арзанырақ түседі" – дейді, Анна Жердева.

Компанияның түсіндіруінше, Курчатовта оптикалық байланыс желісіне толық көшудің пилоттық жобасын сәтті іске асырған жағдайда, бұл тәжірибені еліміздің барлық қалаларына тарату жоспарланған.

«Желілік инфрақұрылымды қайта құру - үздіксіз технологиялық үдеріс. Технологиялар дамып, жетілдірілуде, бүгінде мыс желілердің деректерді беру жылдамдығының төмендігі мен осалдығына байланысты цифрлық технологияларды белсенді пайдаланатын қала тұрғындарының қажеттілігін толық көлемде қанағаттандыра алмай отыр. "Оптикаға" көшкеннен кейін алдағы жылдары трафиктің болжамды өсуін ескере отырып, желілердің сыйымдылығы ұлғайтылатын болады. Мыс желілерін пайдаланудан күту жобасы бірнеше жылға есептелген, ескірген желілерді жаңғырту байланыс операторының меншікті қаражаты есебінен жүргізіледі» - дейді ««Желі» дивизион» бірлестігінің сапа жөніндегі директоры Шыңғыс Кускамбасов.

Желілерді жаңғырту бағдарламасы еліміздің барлық өңірлерін қамтып, қайта жаңарту 54 мың шақырымға жуық мыс желісін ауыстырады. "Желіні де-дупликациялау" жобасы "Қазақтелекомның" 40 мыңға жуық клиентін "оптикаға" ауыстыруға мүмкіндік берді, 2023 жылдың соңына дейін компания тағы 60 мың пайдаланушысын оптикалық технологияларға көшіруді жоспарлап отыр.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: