Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қаражанбастың том тарихы адал еңбек пен өз ісіне құрметпен қарайтын білікті мамандардың мол тәжірибесі арқасында таңбаланып келеді. Аға буынның атқарған игі істері мен оң бастамалары жас мұнайшылар үшін бағдар берер темірқазық іспетті. Дәстүр бойынша біз сіздерге өлкедегі қара алтын өндірісіне өлшеусіз үлес қосып келе жатқан майталман мұнайшыларды таныстыруды жалғастырамыз. Кезекті кейіпкеріміз – пайдалану жабдықтарын икемдеп жөндеу цехының 6-дәрежелі дәнекерлеушісі Ықылас Қайыров.
Бала шағынан темірден түйін түюге ерекше қызыққан ол, болашағын осы іспен байланыстырды. Биыл Ықыластың Қаражанбасқа қадам басқанына аттай 22 жыл уақыт өтіпті. Сол кезден бері мыңдаған мұнай құбырын дәнекерлеп, жабдықтардың берік боп бекуіне жауапты маман берілген әр тапсырманы асқан ыждағаттылықпен орындайды. Оған қоса өндіріске енді келген жастарға ағалық ақылын айтып, құнды кеңесін аяған емес. Кәсіби маман үшін талай кезеңді бастан өткерген Қаражанбас – туған үйіндей ыстық мекен.
«Ғұмырымыздың ең жалынды жылдарын өндіріске арнап, нағыз маман ретінде шыңдалдық. Қаражанбас біздің көз алдымызда дамыды. Қиын кезеңдерді бәріміз бірге еңсеру арқылы осындай дәрежеге жетіп отырмыз. Мықты мамандар жиналған ұйымшыл ұжым алға қойған мақсаттарға жетіп, әлі де биік белестерді бағындыратынына кәміл сенемін», – деді Ықылас Қайыров.

Тәжірибелі дәнекелеуші негізгі жұмысымен қатар, кен орнының қоғамдық өміріне де белсенді араласады. Соңғы жылдары ол жылыту маусымына дайындық шараларында төбе көрсетіп, жылу қазандықтары мен құбырларын дәнекерлеп, қолғабыс етіп жүр. Алпысты алқымдаған адал еңбек иесі мамандығы туралы үнемі мақтанышпен айтады. Құрметті демалысқа шығатын шағы жақындаған Ықылас Қайыровтың кәсібилігі мен қамқорлығы еңбек ұжымы жадында мәңгіге жатталары сөзсіз.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
48
12 декабря 13:01
АО «Самрук-Қазына» снова в числе лидеров нефинансовой отчетности
72
11 декабря 22:17
Кто работает на ПНХЗ: прибористы