Главная Новости Қылқаламды серік еткен мұнайшы
12 августа 2020, 14:50 3096

Қылқаламды серік еткен мұнайшы

Қылқаламды серік еткен мұнайшы

Ел мерейін асыру жолында «қара алтын» өндіріп, еңбек тынысын толастатпай, кен орындарында өндірістің қазанын бұрқ-сарқ қайнатып жүрген мұнайшы әріптестеріміздің қатарында өнерімен көпті таңқалдыратын жандар жетерлік. Солардың бірі – «Ембімұнайгаз» АҚ қарасты «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының (МГӨБ) №5 мұнай және газ өндіру цехының операторы Ораз Төлешов.

Еңбек жолын 2001 жылы «Доссормұнайгаз» МГӨБ-не қарасты Мұнайшылар мәдениет сарайында суретші-безендіруші болып бастаған ол мұнайшылармен тығыз байланыста еңбек етті.

Сол кездегі «Доссормұнайгаз» МГӨБ басшысы М.Қилыбаевтың тапсырмасымен, мұнайшылардың тынысын фотосуреттерге түсіріп, безендіру стендтарын жасақтады, «Доссор» энциклопедиясын құрастыруға атсалысты.

- Сол кезде, мұнайшылардың өмірбаяндарымен танысып, еңбектерін, елдің дамуына қосып жатқан үлестерін көріп, қызығатынмын. Олардың қажырлы еңбектерін өзімнің шығармашылық жұмыстарымда көрсетуге тырыстым. 2013 жылы Доссор мұнайшылар мәдениет сарайы әкімшілікке қайтарылған соң, «Жайықмұнайгаз» МГӨБ-на 3-санатты оператор мамандығы бойынша жұмысқа ауысыммен келдім, - дейді Ораз Төлешов бізбен әңгімесінде.

Әріптесіміздің бейнелеу өнеріне келуіне бала кезінде нағашысы себепші болған. Үйге нағашысы келгенде кішкентай Ораз сурет салдыртып алып, кейін сол суретті терезеге қойып бастыратын. Сөйтіп, қолын жаттықтырып, біртіндеп суретке қарап салуды үйренді.

Оның шығармалары шынайы. Олар әрбір көрерменге етене жақын әрі түсінікті. Туындыларында түстер ерекше сыр шертеді. Үлкен кәсіби шеберлікпен салынған суреттері көптің сұранысына ие болып, халықтың назарына ұсынылуда.

- Мен негізінен тарихи жанрды ұнатамын. Ақтабан шұбырынды оқиғасына байланысты «Ананың зары», «Ақтабан шұбырынды», Махамбет Өтемісұлының «Мұнар күн», «Жалғыздықпен болдым дос» (Доссор поселкесінің мұражайында), Ұлы Отан соғысы тақырыбында «Өмірімді қиямын», Желтоқсан тақырыбында «Мен қазақпын!» (Атырау қаласындағы Ш.Сариев атындағы өнер мұражайында) және «Батырлар айқасы», «Өрт сөндірушілер», «Көктем» сияқты тағы басқа да жұмыстарым (жеке адамдардың коллекциясында) бар.

«Жігітке жеті өнер де аз» демекші, әріптес-кейіпкеріміз қылқалам шеберімен қоса, мықты қолөнерші екенін замандастары жақсы біледі. Оның қолынан шыққан қолөнер бұйымдары – аққу, арқа мүсіндерін Атырау облысы аумағындағы тас жолдары бойынан кездестіреміз.

Айгүл ЕРТЛЕУОВА

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: