Главная Новости Қыркүйектен бастап Алматыдан Павлодарға «Тальго» пойызы қатынайды
31 тамыз 2022, 16:10 1322

Қыркүйектен бастап Алматыдан Павлодарға «Тальго» пойызы қатынайды

Қыркүйектен бастап Алматыдан Павлодарға «Тальго» пойызы қатынайды

Қыркүйек айының соңынан бастап Алматы-Павлодар-Алматы бағыты бойынша «Тальго» пойызы қатынайды. Бұл туралы «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады ҚазАқпарат агенттігі.

Аталған қор «Тұлпар» зауытынан жолаушылар тасымалына арналған 62 тальго вагонын сатып алу үшін қаржы бөлген.

«Вагондарды сатып алу және оларды лизингке беру инфрақұрылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылды. Жаңа вагондар жылжымалы сатылармен, жиналмалы үстелдермен, температураны жеке реттеуге арналған құрылғылармен жабдықталған. Ол Алматы-Павлодар-Алматы бағыты бойынша қатынайды. Жоспарға сәйкес, сатып алынған «Тальго» вагондары жылына 290 мың жолаушыны тасымалдауға қауқарлы. Оларға қызмет көрсету үшін қосымша 228 жұмыскер қызметке алынады», - деп мәлім етті қордың баспасөз қызметі.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: