Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қаражанбас компаниялар тобына кіретін сервистік мекемелер біртұтас «Қаражанбасмұнай» АҚ болады. Қазір «Тұлпар Мұнай Сервис», «Арғымақ Транс Сервис», «Технологиялық көлік және ұңғымаларға қызмет көрсету басқармасы» ЖШС интеграциясы қарқынды жүзеге асырылып жатыр.
Бірігу – компания үшін дамуға жаңа серпін береді. Интеграция арқасында компаниялар сервистік қызмет көрсетуден өндіру саласына ауысады. Оған қоса өндірістік міндеттерді орындау тиімділігі артып, шығындар азаяды. Бұдан бөлек персоналды дамытудың бірыңғай жүйесін іске асыруға мүмкіндік береді деп күтілуде.
Мұнайшылар тарапынан туындаған сауалдарды талқылау мақсатында компания басшылығы түсіндіру жұмыстарына кірісті. Басқарма мүшелері кен орнына жұмыс сапары кезінде бірінші вахта ауысымындағы мұнайшылармен кездесіп, интеграция жайлы толық ақпарат берді.
«Біз ұзақ жылдар бойы бір кен орнында үлкен ұжым ретінде бірге жұмыс істеп келе жатырмыз. Алайда кейбір ішкі процестерде шектеулер болды. Интеграция персонал дамуындағы барлық кедергіні толығымен жояды. Бұл тұрақты дамуға жаңа мүмкіндік беретін саналы да салмақты шешім. Бәріңіз бір-біріңізді жақсы танитындықтан, алдағы уақытта ұжым бірлігі бұдан да арта түседі деген сенімдеміз. Мұнайшылар бұрынғы тәртіппен жұмыс істей береді, өзгеріс тек құжаттарда болады», – дейді Басқарма мүшелері.

Интеграция аяқталған соң барлық қызметкердің жұмыс орны, жалақысы, еңбек шартының мерзімі, демалыс кестесі өзгеріссіз қалады. Кездесу аясында мұнайшылар басшыларға сауал қойып, сұрақтарына толық жауап алды.
«Мен Қаражанбаста 20 жылдан бері жұмыс істеймін. Аталмыш өзгерістерге өте қуаныштымын. Ұжымдастармен бір үйдің баласындай татумыз. Біздің компаниялардың бірігуі өндірістің өрге басуына себеп болатынына сенімдімін», – деді «Тұлпар Мұнай Сервис» ЖШС Өндірістік қамтамасыз ету базасының басшысы Сәдуақас Битан.
Интеграция жұмыстары 1 шілдеге дейін аяқталады деп күтіліп отыр.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
51
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
58
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы