Главная Новости Қыстыгүні – жасыл бақша
13 қаңтар 2022, 10:51 967

Қыстыгүні – жасыл бақша

Қыстыгүні – жасыл бақша

Қаражанбас мұнайшысы ауыл тұрғындарын көкөніс және жемістермен қамтамасыз етеді.

«Қаражанбасмұнай» АҚ мұнайшылары жұмыстағы жетістіктерімен ғана емес, ерекше хоббиімен де танымал. Олардың бірі вахта аралық демалыс кезінде қызғалдақ өсірсе, енді бірі кітап әлеміне еніп, ондаған туынды оқиды. Бұдан бөлек, түрлі халықаралық спорт ареналарында жеңіске жетіп, еліміздің көк байрағын желбіретін жүргендер де бар. Ал біздің келесі кейіпкеріміз – ауылын өзі өсіріп отырған балғын көкөніс және жемістермен қамтамасыз етіп жүрген газ цехының машинисі Бекболат Егамқұлов.

Жұмыста ол үлкен цехтың дұрыс жабдықталуына жауап беретін тәжірибелі маман, ал Қаражанбастан тыс жерде – епті егінші. Кейіпкеріміздің қазіргі жетістігі осыдан 10 жыл бұрын үй ауласындағы кішкентай бақшадан басталған. Бекболат алдымен үйге қажетті қызанақ пен қияр өсірген. Тәжірибе жинақтаған сайын, егіннің көлемі де артты. Осылайша ол жылыжай салу туралы шешімге келді. Жылыжаймен қатар, Бекболаттың бақшасында өрік, шабдалы, шие, алма және жүзім ағаштары бар. Қазір мұнайшы өсірген жемістер мен көкөністер ауыл тұрғындары арасында үлкен сұранысқа ие. Сүйікті ісінің арқасында Бекболат сауда орындарына жылына жүздеген келі өнім тапсырады.

«Басында мен мұның бәрін эксперимент ретінде істеп көрдім. Біздің облыста кез келген нәрсені өсіру көп еңбекті талап етеді. Ол үшін уақытында күтім жасау, суару, өңдеу және шыдамдылық қажет. Мен вахтаға кеткен кезде бақшадағы жұмыстармен балаларым айналысады. Бірлескен еңбегіміздің жемісін көреміз деп ойлаймын», – дейді мұнайшы.

Кейіпкеріміз экспериментін әрі қарай жалғастырмақ. Мәселен, ол биыл цитрус жемістерін өсіруді қолға алып, лимон түптерін отырғызды. Енді Болатбек жылыжайына көбірек көңіл бөліп, мол өнім жинау арқылы ауылдастарының алғысына бөлену үшін тынымсыз еңбектенеді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: