Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Расыңызды айтыңызшы, жұмысқа ынтаңыз қандай? Үйден қуана шығып, әріптестеріңізді көруге асығасыз ба әлде кешке тыпыршып, сағатқа қарайлаумен боласыз ба? Бәлкім, демалыс күндері мен кезекті еңбек демалысын асыға тосасыз? Мереке күндерінің көп болғанын армандап жүрсіз бе?
Елімізде жұмысшылардың ынта деңгейін анықтайтын бірден-бір зерттеу «Әлеуметтік тұрақтылық индексі» болып отыр. Жыл сайын аталмыш зерттеу аясында «Самұрық-Қазына» қоры компанияларындағы қырық мыңға жуық жұмысшысы зерттеуге қатысып, өздерінің көзқарасын білдіруде.
Осылайша, өндіріс орындарындағы еңбек жағдайының тиімділігін арттыру мақсатында Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникация орталығы зерттеу жүргізіп, компаниялар қажеттіліктеріне сәйкес ұсыныстар жасайды. Ынта деңгейін арттырудың көптеген тәсілдері бар және олар әр компанияға байланысты ерекше болып келеді. Алайда жұмысшыларды ынталандырудың әрбір компанияға ортақ жолдары да жоқ емес. Осыған орай, оқырман назарына ынта деңгейін арттыруға бағытталған, 7 лайфхактан тұратын әмбебап стратегия ұсынамыз:
Әрбір компания мен бизнестің негізі мен ілгерілетуші күші адами капитал болып саналады. Дамуға бет бұру мақсатында жұмысшылардың қамын ойлап, әрдайым ынталандыру жаңылмаған, жалықпаған жөн. Осыған орай, келтірілген кеңестер топтамасы ынта деңгейін арттыру мен жоғары тиімділік шыңына шығудың 7 қадамы болатынына үміттенеміз.
Аслан НҰРЖАНОВ, Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникация орталығының сарапшысы