Главная Новости Қызық кереғарлық: еңбек нарығы қысқарғанымен, бос жұмыс орындары көбеюде
06 желтоқсан 2018, 14:51 8045

Қызық кереғарлық: еңбек нарығы қысқарғанымен, бос жұмыс орындары көбеюде

Қызық кереғарлық: еңбек нарығы қысқарғанымен, бос жұмыс орындары көбеюде Crello

Мәселен 2030 жылға дейін Азияның дамушы елдерінде жұмыс күшінің саны жылына 11 млн адамға артпақ.

Жақында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жетекші халықаралық ұйымдардың еңбек нарығы туралы шолуын жариялады.

2018 жылдың 18 қыркүйегіндегі «Жұмыс орындарын құру және аймақтық экономикалық даму. Болашақтың жұмысына дайындалу» туралы ЭЫДҰ елдерінің есебінде  аймақтық және жергілікті  еңбек нарығына технологиялық прогрестің әсері қарастырылуда. Соның ішінде автоматтандыру тәуекелдерінің географиялық таралуы ұсынылады және зерттеледі, автоматтандыру барысында жұмыс орындарын құра отырып, жоғалған жұмыс орындары толтырыла ма деген тәуекелдер бар. Сондай-ақ, икемді жұмыспен қамту тәртібі мәселесі қарастырылып, өзін-өзі жұмыспен қамту және еңбек нарығына халықтың осал топтарын тартуға басымдық жасау көзделген. 

2018 жылдың басында Дүниежүзілік банк өзінің әлемдік даму туралы (WorldDevelopmentReport) баяндамасы үшін «Жұмыс сипатының өзгеруі» (Thechangingnatureofwork) жайында есебін жариялады. Есеп болашақтағы жұмыстардың сипаты және табиғатына қарай технологиялық жетістіктердің келешегіне баға беруге бағытталған. Баяндамада үкіметтерді жалпы кепілдендіріген ең төменгі деңгейдегі әлеуметтік қорғауды қамтуға шақырады. Бұны еш қажеті жоқ субсидияларды тоқтатуға, еңбек нарығын реттеуді  жақсартуға, салық саясатын қайта қарауға бағытталған реформа арқылы жүзеге асыруға болады. 

2018 жылдың 17 қыркүйегінде Дүниежүзілік экономикалық форумның «Жұмыс орындарының болашағы» есебі жарияланды. Аталған баяндамада бизнес, үкімет және жұмысшылар жаһандық еңбек нарығының жаңа сипаттарын жүзеге асырып, белсенді түрде жоспарлауға басымдық жасалған. ДЭФ есебінде жұмыс орындарының болашағына әсер ететін негізгі трендтер тізіліп шыққан. Бұлар - қазіргі заманғы технологиялық жаңашылдықтар мен робототехникалық технологияларды тездетіп  енгізу. Сондай-ақ бұл есепте өндірістің географиялық таралуына айтарлықтай өзгерістер енетіні және құн құру болжанған, қайта даярлықтан өту маңыздылығы мен талап қойылып отырған дағдылдардың тұрақсыздығы артып отырғаны айтылған.

Халықаралық еңбек ұйымының Жаһандық комиссиясы еңбек нарығының болашағы туралы есебін 2019 жылдың 22 қаңтарында жариялауды жоспарлап отыр. Бұл есеп ұйымның жүз жылдығымен тұспа-тұс жарияланбақ.  Баяндамада болашақ еңбек нарығына жету қадамдары ұсынылады, әлемдегі жылдам дамып жатқан трансформациялық өзгерістер аясында лайықты, тұрақты жұмыспен қамту мүмкіндіктері нұсқалады деп күтілуде. Жастарды жұмыспен қамту, формалды емес жұмыспен қамту, табыс көзінің теңсіздігі, біліктіліктің жоқтығы, ауыл экономикасы, цифрлық ажырау және гендерлік теңдік  мәселелеріне тиісінше назар бөлінбек. Баяндамада жаһандық және ұлттық экономикалық саясаттағы басымдықтардың өзгерістеріне бағытталған жаңа, экономикалық өсімге және дамуға қатысты нақты ұсыныстар көрініс таппақ. 

2018 жылдың сәуірінде Азия Даму  Банкі Азия елдерінің дамуына шолуын жариялады (AsianDevelopmentOutlook). Ол «Технология жұмыс орындарына қалай әсер етеді» деген атаумен шықты.  Аталмыш құжатта жұмыс орындарының көбеюі және технологиялық өзгерістердің аймақтардың еңбек нарығына қалай әсер ететіні тарқатылады.  АДБ есебіне сәйкес, бүгінде Азияның көптеген бөлігінде автоматтандырудың экономикалық мақсаты артта қалып отыр. Бұл орайда жаңа еңбек күшін үнемдеуші технологияны енгізу қалыс қалды. Осыдан болашақ еңбек нарығын құру барысы бәсеңдеп отыр. Технологиялық прогресс қисыны және экономикалық өсім жаңа мамандықтар мен салалардың пайда болуына әкеп соғады, ал бұл жұмыспен қамтудың одан әрі артуына көмегін тигізеді.  

Халықаралық ұйымдармен қатар жекелеген елдер жаңа бағыттарды енгізіп жатыр. Мысалы, Германиядағы жұмыспен қамту 4.0 (Arbeit 4.0) тұжырымдамасы.  Бұл Германиядағы болашақ жұмыс орындарын талқылайтын тұжырымдама болып табылады. Тұжырымдамада Индустрия 4.0 және қарқынды цифрландырудың әсерінен 2030 жылға дейін жұмыс орындары қалай өзгеретіні жазылған.  Тұжырымдаманы бірінші рет 2015 жылдың қарашасында Федералды еңбек және әлеуметтік істер министрлігі (BMAS) «Жұмыспен  қамтуды қайта ойлау: 4.0 жұмыспен қамтудың жасыл кітабы» деген атаумен енгізді.  Жұмыспен қамту 4.0-ге цифрлы технологияны қолдану (мысалы Интернет) және икемді жұмыспен қамту тәртібінің артуын қамтыған интеграцияның жоғары деңгейінде және әріптестік негізде мінездеме беріліп отыр.  4.0 жұмыспен қамтудың басты қозғаушысы  цифрландыру, жаһандану, демографиялық өзгерістер (қартаю, көші-қон) және мәдени өзгерістер болып табылады.

Осылайша біз болашақ еңбек нарығының мүмкіндіктері мен түйткілдеріне жаһандық қызығушылықты байқап отырмыз. Қазақстан еңбек ресурстарының әлеуеті көп, дамушы ел бола отыра, халықаралық қауымдастықтың болашаққа көзқарасын бөліседі.    

ЭЫДҰ елдері еңбек нарығын қысып отыр, алайда бос жұмыс орындары көбеюде

 Бұл жайында ЭЫДҰ Employment Outlook 2018 жылдың 4 шілдесінде жарияланған есебінде айтылды. Аталмыш есепте ЭЫДҰ елдерінің еңбек нарығының келешегі мен үрдісі қарастырылған. Бұл зерттеу еңбек нарығының нақты қырларына және жұмыспен қамтуды жақсарту және кеңейтуге бағытталған саясаттың салдарына арналған.

ЭЫДҰ елдерінің еңбек нарығының сипаты әлі күнге дейін сапасы жағынан және жұмыс орындарының қауіпсіздігі жағынан аралас сипатта. Ал өз кезегінде халықтың еңбекке жарамды жастағылары арасында кедейшілік деңгейі 2015 жылы 10,6 пайызға жетсе, он жыл бұрын ол 9,6 пайызды құраған-ды.  

Бүгінде еңбек нарығына қауіп төндіріп отырған жайттың бірі - жалақы тоқырауы - жоғары жалақы алатын жұмыста жүргендерге қарағанда, төмен жалақы алатын жұмысшыларға әлдеқайда әсер етіп отыр.  

Еңбек нарығы қысылып жатыр және жұмыс орындарының саны артып, орны толтырылмай отыр.  Негізгі себеп - өнімділіктің артуы бәсеңдеу болып отыр.

ЭЫДҰ хатшылығының мәлімдеуінше, еңбек өнімділігі мен жұмыспен қамту артып жатқан кезде жалақының төмендеуі жұмысшы тапқа көмектің қажеттігін  көрсетіп отыр. Әсіресе біліктілігі төмен азаматтарды мемлекет тарапынан қолдау қажет. Мақсатты шаралар және әлеуметтік әріптестермен тығыз қарым-қатынас  жасап, жұмысшыларға тез дамып жатқан еңбек нарығында бейімделуге көмектесу  қажет.

Төмен инфляция және өнімділіктің артуы еңбекақының тоқырауына әкеп соқты, сондай-ақ аз жалақы төлейтін жұмыс орындарының артуына себепші болды. Есепте жұмысшылардың орташа жалақысының қысқаруы, толық жұмыс істейтін жұмысшылармен салыстырғанда, жұмыс күні толық емес жұмысшылар мәселесі көрсетілген.  Жоғарыда аталған үрдіс көптеген елдерде жұмыссыздық бойынша жәрдемақыны қысқартуға және ұзақ мерзімді жұмыссыздықты сақтауға әкеп соғуы мүмкін. ЭЫДҰ елдерінде орташа алғанда әрбір үшінші жұмыс іздеуші жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алады, ал дағдарыстан кейін көптеген елдерде жәрдемақыны төмендетуге әкелетін ұзақмерзімді үрдіс сақталып отыр.

Қазақстанның ЭЫДҰ жобасына қатысу  білім сапасын жақсартуға мүмкіндік береді

2017 жылы ЭЫДҰ Қазақстанға «Дағдылар бойынша ЭЫДҰ стратегиясы» жобасына қосылуды ұсынды.  Оған білім беру комитеті, еңбек саясаты және әлеуметтік мәселелер комитеті, шағын және орта бизнес бойынша жұмыс тобы тартылды. 

Әр комитет жекелеген жобалар жасап жатыр, негізгі басымдық – білім саласына жасалып отыр – PISA және PIAAC.  2019 жылы Қазақстан тұңғыш рет PIAAC есебіне кіргізледі. Онда ересек буынның біліктілігі бағаланады - сауаттылық, арифметика мен технологиялық саладағы проблемалардың шешімі. 

«Біліктілік бойынша ЭЫДҰ стратегиясы» жобасына қатысу еліміздің білім беру жүйесін «цифрлық дәуірдегі» жаңа индустриялизация талаптарына бейімдеуге  және ұлттық еңбек нарығының тиімдлігін арттыруға көмектеседі. 

Ұсынылған жобаның нәтижесінде біліктіліктің Ұлттық стратегиялық дамуы жасалады. Ол үшін ЭЫДҰ мына қадамдарды ұсынып отыр: Қазақстандағы біліктілік жүйесін карталау (mapping) институттарды, саясаткерлер мен қызығушылық танытқан тараптарды  жақсы түсінуге қажет. Ол сұраныс пен біліктілік бойынша ұсыныстарға әсер етеді; келісілген саясат; саяси ұсынымдар мен Қазақстанның ойластырудан іске көшуі жолдарын анықтауға көмектеседі. 

2030 жылға дейін дамушы Азия елдерінде жұмыс күшінің саны  жылына 11 миллион адамға артатын болады

Бұл жайында Азия даму банкінің «Технология  жұмысқа қалай әсер етеді» шолуында айтылған. Бұл шолу 2018 жылдың сәуірінде жарық көрді. Аталмыш құжат жұмыс орындарының артуы, технологиялық өзгерістер, жұмыс барысын автоматтандыру мақсаты мен жұмыс күштерінің орнын ауыстыру есебінен өнімділікті арттыру азиялық аймақтағы еңбек нарығына әсер етенін назарға алып отыр.

Болжам бойынша 2015 жылдан  2030 жылға дейін Азияның дамушы елдерінде жұмыс күшінің саны жылына 11 млн адамға жететін болады. Бұл дегеніміз, Азия елдерінің алдында көп жұмыс орындары ғана емес, олардың сапасын жақсарту міндеті тұр.  Бүгінде дер кезінде білімге, инфрақұрылымға, зерттеу мен дамуға, саясатқа, макроэкономикалық тұрақтылықты қолдауға жеткілікті инвестиция құю, сауда және шетелдік инвесторларға ашық болу, инвестициялық  жағдай жасау, бизнес қолайлығын орнату жұмыспен қамту проблемаларының жалпыға мәлім шешімі болып табылады.  Дегенмен, еңбек нарығын жақсартуға арналған бірқатар шаралардың тиімдлігіне қатысты күмән де көп.    

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: