Главная Новости Литвамен логистикалық байланыс пысықталды
Компания тынысы04 қазан 2021, 12:43 129

Литвамен логистикалық байланыс пысықталды

Литвамен логистикалық байланыс пысықталды

Қазақстандық логистер балтық терминалдық инфрақұрылымы негізінде транзиттік интермодальді қатынасты дамытуда.

«Кедентранссервис» АҚ Бас директоры Арман Сұлтанов қазақстандық делегация құрамында Литва Республикасының бірқатар ірі көліктік-логистикалық нысандарында болды. Соның ішінде Клайпеда порты мен оның терминалдарын, Каунас еркін экономикалық аймағын (ЕЭА) және интермодальдық терминалын, Вильнюс интермодальдық терминалын аралады.

Кездесуге бастамашы болған Қазақстан - Литва іскерлік кеңесі, «Литва теміржолдары» АҚ, Литва ұлттық автомобиль тасымалдаушылары қауымдастығы ЛИНАВА, Литва ұлттық экспедиторлар мен логистер қауымдастығы ЛИНЕКА, Литва өнеркәсіпшілер конфедерациясы және Клайпеда мемлекеттік теңіз порты дирекциясы.

Сапар барысында «Кедентранссервис» АҚ қызметінің, сондай-ақ даму мүмкіндіктері мен перспективаларының таныстырылымы өткізілді. Қазақстандық мамандар литвалық компаниялардың терминалдық қызметті және көлік-логистикалық орталықтарды дамыту, заманауи технологияларды қолдана отырып, инфрақұрылымды жаңғырту саласындағы тәжірибесін зерделеді.

Литва Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің, Литва темір жолдарының және бірқатар көлік компаниялары басшылығымен бірлескен кездесуде жаңа контейнерлік тасымалдау мен оңтүстік-шығыс және Орталық Азиядан Еуропаға және кері транзиттің жаңа бағыттарын дамыту жөніндегі шаралар талқыланды.

Атап айтқанда, жүк жөнелтушілермен және жүк алушылармен нақты келіссөздер барысында контейнерлік пойыздарды Балтық терминалдық инфрақұрылымын пайдалана отырып, транзиттік интермодальдік қатынаста олардың екіжақты жүктемесін қамтамасыз ете отырып ұйымдастыру бойынша нақты уағдаластықтарға қол жеткізілді. Бұдан басқа, «Кедентранссервис» АҚ қойма желісі базасында жүк терминалдарын басқарудың IT жүйелерін және көлік-логистикалық орталықтардың жұмысын ұйымдастыру элементтерін енгізудің практикалық мәселелері пысықталды.

Выпуски SK NEWS

Смотрите также

Видео Все видео
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Нур-Султан, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: