Главная Новости Маңғыстау мұнайшылары балаларды шаттыққа бөледі
28 желтоқсан 2021, 15:20 1073

Маңғыстау мұнайшылары балаларды шаттыққа бөледі

Маңғыстау мұнайшылары балаларды шаттыққа бөледі

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ облыс аумағында ауқымды қайырымдылық акциясын өткізді. Компания тарапынан қала-аудандардағы балалар үйлеріне бір мыңнан аса базарлық таратылды.

Таяуда компания өкілдері Ақтау қаласындағы төрт бірдей балалар үйін аралап, бүлдіршіндерге сый-сияпат жасап, мерекелік көңіл-күй сыйлап қайтты.

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қайырымдылық акциясы алдымен облыстық білім басқармасының арнайы мектеп-интернатында басталды. Бұл мектеп-интернатта 1-10 сынып аралығындағы мүгедектігі бар, ақыл-ойы кемшін балалар тәлім алады. Қазіргі уақытта білім ордасында 199 бала бар. Облыстық арнайы мектеп-интернат директорының міндетін атқарушы Айнагүл Нұржанова ұстаздар мен мамандар әр балаға ерекше назар аударып, көңіл бөлуге күш салатынын айтты.

«Балаларға лайықты тәлім-тәрбие беру үшін сурдопедагог, логопед, дефектолог мамандар мен мұғалімдер жұмыла еңбек етіп жатыр. Ұстаздар жалпы білім бағдарламасын түгел оқытады. Бүгін «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясы балаларымызға базарлық алып келді. Жаңа жыл – бәріміздің асыға күтетін ерекше мейрам. Жектіншектерімізді қуантып, бізге қолдау білдірген «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-на ұжым атынан алғыс айта отырып, еңбектеріңізге сәттілік, отбасыларыңызға бақ-береке, саулық тілеймін», – деп «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ ұжымына алғыс хат табыстады.

Қайырымдылық акциясы облыстық мамандандырылған балалар үйінде жалғасты. Балалар үйінде 4 жасқа дейінгі сәбилер өсіп жатыр. Мұнда көбіне ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тәрбиеленеді екен. Балалар қажеттілігін ескерген мекеме ұжымының өтінішімен компания балаларға арналған төрт жұмсақ жиһаз тарту етіп, жаңа жылдық базарлықтарын да табыстады.

Компанияның ізгілікті шарасы Маңғыстау облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылында өтті. Бұл мекеме балаларға отбасылық үлгіде тәлім-тәрбие беруімен ерекшеленеді. Балалар ауылының мерекелік кешіне тұспа-тұс келген шарада компания өкілдері жаңа жылдық сыйлықтары мен дәрі-дәрмектер, санитарлық заттар сыйлап, қуаныштарын еселей түсті.

«Балалар ауылы отбасылық үлгіде жұмыс істейді. Біздің балалар ауылында 3-18 жасқа дейінгі 30 тәрбиеленуші бар. Мұнда мектепке дейінгі тәрбие алып жатқан балалар бар, сондай-ақ 20 оқушы орта білім алып жатыр. 8 бала арнаулы орта оқу орындарында, колледждерге оқиды. Бір баламыз Нұр-Сұлтан қаласында білім алады. Жаңа жыл мерекесімен құттықтап келіп жатқан «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ ұжымына алғысымыз шексіз. Балаларға әкелген сый-сияпаттарыңыз, ықылас-ниеттеріңіз бәрімізді шын қуантты», – дейді балалар ауылының директоры Орынбасар Наурызбаев.

Жаңа жыл кешінде сый-сияпат пен қуанышқа бөленген балалар да ақ тілек, ниеттерін білдірді.

«Жаңа жыл мерекесі қарсаңында бізге осындай сыйлықтар әкеліп, қуантып жатқан «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясына алғыс айтамын. Жаңа жыл баршаңызға құтты болсын. Келер жыл мол бақыт, табыс әкелсін», – дейді 9 сынып оқушысы Анеля Нұрымова.

«Мен осы балалар ауылында оқимын. Жаңа жыл мейрамын қатты жақсы көреміз. Жылда асыға күтеміз. Мерекелік кешімізге келіп, бізге базарлық беріп жатқан қонақтарға шын көңілден рахметімді айтамын. Жаңа жылдарыңыз құтты болсын. Өмірдегі бар жақсылықты тілеймін», – дейді балалар ауылының жәс тәрбиеленушісі Маргарита Дулап.

Қайырымдылық акциясы Ақтау қаласындағы №6 орта мектебінде жалғасып, жаңа жыл мерекесіне әзірленген сыйлықтар мектеп ұжымына табысталды. Орта мектепте әлеуметтік жағдайы төмен отбасының 83 бала білім алады. Оқушылардың арасында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мүгедектігі бар, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек алатын балалар да бар. Балаларға қоғам тарапынан көрсетілетін әрбір көмектің маңызы зор деген мектеп ұжымы компания өкілдеріне алғаусыз ақ ниет, тілектерін білдірді. Компания өкілдері қайырымдылық шаралары ұдайы ұйымдастырылып, әлеуметтік бағыттағы ілкімді істер жалғаса беретінін жеткізді.

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қайырымдылық шараларын жүргізуді өз алдына мақсат етіп қойған. Жыл сайын бұл бағыттағы жұмыстарға арнайы қаржы қарастырылып, игі шараларға ерекше назар аударылады. Бүгін компания атынан қайырымдылық көмек көрсету мақсатында Ақтау қаласындағы бірнеше нысанды араладық. Қайырымдылық акциясының аясында облыс көлемінде компания тарапынан 1 000-нан аса жаңа жылдық сый-сияпат Маңғыстау, Қарақия аудандары, Ақтау қаласында орналасқан түрлі мекемелерге таратылды. Қазақ халқы ежелден жетімін жылатпаған, жесірін қаңғыртпаған ел. Бүгін осы дәстүрімізді жаңғыртып, балаларға көңіл бөліп, мереке қарсаңында көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, алақанымыздың, жүрегіміздің жылуын бөлісуге тырыстық. Балалар мәз-мейрам, риза болып жатыр. Сол балалардың жүзінен күлкіні көріп біздің де көңіліміз тоқ болып қайтты. Баршаңызға жаңа жыл құтты болсын. Қуаныш, бақыт, құт-береке тілейміз», – деді «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ жұртшылықпен байланыс бөлімінің басшысы Ғани Әбдісадық.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: