Главная Новости Маңғыстау мұнайшылары балаша қуанған күн
03 маусым 2019, 17:40 3393

Маңғыстау мұнайшылары балаша қуанған күн

Маңғыстау мұнайшылары балаша қуанған күн

"Әкем, анам және мен – спорттық жанұя". Осындай атаумен "Маңғыстаумұнайгаз" акционерлік қоғамы 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мұнайшылар арасында спорттық сайыс ұйымдастырды.

Оған Қаламқас, Жетібай кен орындарымен қатар, орталық аппараттан және Компания қамқорлығындағы Н.Марабаев атындағы №7 мектеп-лицейінінен алты команда қатысып, бақ сынады.

Аталмыш шараға балалар мен ата-аналар зор қызығушылықпен қатысты. Алғаш болып сайыс шымылдығын ашқан Компания бас директорының әкімшілік және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Жетібай Төлеғожаев:

"Жерде бала қуанса, көкте періште қуанады" деген сөз бар. Бұл өмірдің базары да, ажары да – біздің бүлдіршіндеріміз. Сондықтан да барлық жылы сөз, ыстық тілек мына тұрған бүлдіршіндерге арнап айтылуы қажет. Біздің Компания әрқашан бүлдіршіндерді назардан тыс қалдырмайды. Өткен жылы Компания Басқармасы мен Жас мамандар кеңесі Жетібай, Мұнайшы ауылының аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың 20 бүлдіршініне сый-сияпат үлестірген еді. Міне, бүгін де осындай игі шара жалғасын тауып отыр. Қаламқас, Жетібай кен орында жұмыс жасайтын қызметкерлеріміз Қазақстан мұнайының 120 жылдығы мен "Қаламқасмұнайгаз" өндірістік басқармасының 40 жылдығына орайластырылған аталмыш шараға қатысып жатыр. Сәттілік тілейміз!" - деп қатысушыларға лебізін білдірді.

Құрамында кәсіподақ төрағасы Тарғын Мысамбаев, адам ресурстарын басқару департаменті директорының орынбасары Лаура Іңірбаева және Компаниядағы спорт бапкері Самат Темірқасов бар қазылар алқасы танысырылып, сайыс ережелері түсіндірілді.

Сайыс бағдарламасы бойынша бірінші турда отбасылар таяқшаларды эстафеталық әдіспен бір-біріне беру, допты кедергілерге тигізбей жүгіру, секіртпелер арқылы жарысу, қапшықпен секіру арқылы шымырлықтары мен шапшаңдықтарын ортаға салды. Солардың бірі Қаламақастың намысын қорғап жүрген Қосбаевтар отбасы. Олар мықтылардың арасынан үздік болып танылып, бас жүлдені жеңіп алды:

"Рамазан айымен тұспа-тұс келген балалар мерекесі құтты болсын! Сайыс тартысты әрі қызықты өтті. Бүгінгі жеңіс тек біздің отбасының ғана емес, биыл 40 жылдығын тойлайтын барша Қаламқастық әріптестерімнің жеңісі! Осындай шара жиі ұйымдастырылып тұрса игі", - деді бірінші орын иегері, "Қаламқасмұнайгаз" ӨБ инженер-энергетигі Ислам Қосбаев.

Екінші орын Н.Марабаев атындағы №7 мектеп-лицейінен қатысқан Сақашовтар отбасына бұйырса, үшінші орынды Қаламқастан қатысқан екінші команда – Бисеновтар жанұясы еншіледі.

Жүлделі орын иегерлері велосипед алса, сайысқа қатысып, белсенділік танытқан "Жетібаймұнайгаз" өндірістік басқармасынан келген Тастеміровтер мен Жапарбаевтар, орталық аппараттан Илмуханбетовтер отбасылары өздігінен сырғанайтын самокаттарға ие болды. Ата-аналарға алғыс хат пен гүл шоқтары тарту етілді. Сондай-ақ барлық командаларға қаржылай сыйлық жасалды.

Мерекелік шарада аниматорлар балалардың көңілін көтеріп, әртүрлі ойындар ұйымдастырды. Бүлдіршіндерге тәттілер таратылып, мұнай саласындағы күміскөмей әншілер өз өнерлерін көрсетті.

***

Балаларға арналған мерекелік шара Маңғыстау ауданына қарасты Қызан елдімекенінде өз жалғасын тапты. Мұнайшылар Қызан спорт кешенінде ауылдықтармен кездесіп, орталыққа бір жарым миллион теңгенің спорттық құрал-жабдықтарын табыстады.  Компания басшылығының мерекелік құттықтауын жеткізген әлеуметтік мәселелер бөлімі басшысының орынбасары Қымбат Иманқұлова мен "Қаламқасмұнайгаз" өндірістік басқармасы кәсіподақ ұйымы төрағасы  Бердібек Қуатбай спорт мектебіндегі екі топқа футбол ойынының, бір топқа волейбол ойынының киімдерін, түрлі жаттығу құралдары, зілтемірлермен қоса бірнеше ойын доптарын сыйлады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: