Главная Новости Маңғыстауда еңбекті қорғау күніне орай турнир өтті
26 сәуір 2024, 10:29 461

Маңғыстауда еңбекті қорғау күніне орай турнир өтті

Маңғыстауда еңбекті қорғау күніне орай турнир өтті

Бүкіләлемдік еңбекті қорғау күніне байланысты Маңғыстау локомотив депосы мен кәсіподақ ұйымы бірлесіп қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әріптестері, тепловоз машинисінің көмекшісі Нұрболат Жасановты еске алуға арналған турнир өткізді.

Шағын футболдан өткен сайыс Маңғыстау ауылындағы спорт кешенінде бір минуттық үнсіздікпен басталды. Депо бастығы Ғ.Бисенбаев пен кәсіподақ ұйымының төрағасы Ә.Нәбиханов атаулы күннің мән-маңызына тоқталып,  жұмысшылардың еңбегін қорғау бағытында атқарылып жатқан шаралар жайын айтып өтті.  Сонымен қатар оншақты жыл бұрын әріптестерін қатардан алып кеткен сол бір қайғылы оқиғаны еске түсіріп, бүкіл ұжымның қабырғасын қайыстырған алапат апат енді қайталанбасын деп тілек айтты.    

Еске сала кетсек, Нұрболат Жасанов 2013 жылы қарашада Сайөтес-Маңғыстау учаскесінің Тамақ-Маңғыстау аралығындағы 399-шақырымда күзетсіз теміржол өткелінде жүк пойызының мұнай тиеген автокөлікпен соқтығысуы салдарынан болған алапат өрт апатта қаза тапқан еді. Небәрі 24 жастағы жігіт Қызылорда облысы Қазалы ауданының тумасы. Алматыдағы академияны бітіріп, түбек теміржолына жолдамамен барып машинист көмекшісі болып еңбекке араласқанына екі жыл болған еді.

Шағын футбол жарысында бірнеше команда бақ сынасып, жеңімпаз топтар төрт орынмен марапатталды. Кәсіподақ тарапынан жүлдегерлер қаржылай сыйлық пен дипломға ие болды.

Шахида Жұман

Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: