Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Отандық мұнай-газ саласының іргелі кәсіпорны, тарихы тереңнен бастау алатын «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ 60 жылдығын тойлады. Мерекелік шара Ақтау қаласындағы Абай атындағы мәдени-демалыс кешенінде өтті.
Салтанатты жиынға «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев, Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ мұнайшы-ардагерлері мен қызметкерлері қатысты.
Мағзұм Мырзағалиев құттықтау сөзінде «Маңғыстаумұнайгаздың» өңірдегі, жалпы еліміздегі мұнай саласына қосқан үлесі айрықша екенін атап өтті. Кәсіпорынның басты өндіруші активі – Жетібай кен орнында 1961 жылы Маңғыстау түбегіндегі алғашқы мұнай атқылады. Сонымен қатар, ҚМГ Басқарма төрағасы соңғы 15 жылға жуық уақыт ішінде «ҚазМұнайГаз» кәсіпорынның кен орындарын Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясымен бірлесе игеріп келе жатқанын тілге тиек етті.

«Артында өшпес із қалдырып, егеменді елінің игілігі үшін аянбай тер төккен азаматтарға, ардақты ардагер ағаларымызға бас иіп, алғыс айтамын. Жетібай мен Қаламқас кен орындарының бай тарихының артында табиғаттың қатал мінезіне қабырғасы қайыспай қарсы тұратын, шар болаттай шыңдалған еңбек адамы тұр, - деді Мағзұм Мырзағалиев мерекелік шара қатысушыларына арналған сөзінде. - «Маңғыстаумұнайгаз» көп жылдар бойы Қазақстандағы ең ірі салық төлеуші компаниялардың қатарында. Стратегиялық серіктесіміз – CNPC компаниясына еліміздің мұнай-газ кешенін дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін алғыс білдіремін».
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ мерейлі межесін үлкен жетістіктермен қарсы алды. Жыл сайын 6 млн тоннадан астам мұнай игеретін компания өңірде мұнай өндіру көлемінің 31%-нан астамын және Қазақстан аумағында шамамен 8%-ын қамтамасыз етіп отырған іргелі кәсіпорын.

10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
135
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»