Главная Новости «Маңғыстаумұнайгаз» экологияға үлкен мән береді
04 маусым 2021, 08:05 1340

«Маңғыстаумұнайгаз» экологияға үлкен мән береді

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ бастамасымен 2021 жыл Экология жылы деп жарияланғаны белгілі. "Маңғыстаумұнайгаз" компаниясы экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне әрдайым зор жауапкершілікпен қарайды. Мысалы, осыдан 10 жыл бұрын компанияда Өндірістік қалдықтарды бөлек жинау бойынша жоба басталған болатын. Бүгінде бұл бастама өзінің тиімділігін дәлелдеді деп нық сеніммен айтуға болады.

2011 жылы Қауіпсіздік техникасы, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау Департаментінің экология қызметі бастамасымен «ҚМГ» ӨБ, «ЖМГ» ӨБ объектілерінде өндірістік қалдықтарды бөлек жинау жобасы іске қосылды. Бұл жоба құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері тарапынан қолдау тауып, олар өз күшімен қалдықтарды бөлек жинауға арналған контейнер дайындады. Өндіріс басында еңбек ететін мұнайшылар ел болашағы мен өскелең ұрпақ алдындағы жауапкершілікті әсте ұмытпайды және экологтармен бірлесіп, экологиялық заңнаманың талаптарын сақтау және қоршаған ортаны қорғау бағытында орасан зор мақсат-міндеттерді іске асырып келеді.

Бөлек жинау жұмыстары мұнай кәсіпшілігі жабдығын ауыстыру, жөндеу және пайдалану кезінде қалдықтар пайда болған сәттен басталады. Оператор қалдықтардың әрбір түрін қалдықтардың нақты түріне арналған арнайы белгіленген контейнерлерге жинайды. Сондай-ақ барлық түзілетін қалдықтарды есепке алу жүйесі жолға қойылған, бұл дегеніміз – материалдық шикізаттың кірісі мен шығысы, шикізаттың қалдықтарға ауысуы, қалдықтарды уақытша орналастыру, қайта өңдеу және кәдеге жарату үшін мамандандырылған ұйымдарға беру секілді жұмыстар.

Қалдықтардың нақты көлемін анықтау үшін әрбір объектіде өлшеу талондарын тіркеу және беру жүйесі бар арнайы электрондық таразылар сатып алынған.

Компанияның өндірістік қызметі барысында қалдықтардың 30-ға жуық түрі пайда болады. Мамандандырылған ұйымдар қайта өңдеу және кәдеге жарату кезінде, мысалы, резеңке қалдықтардан резеңке үгінділер түрінде шикізат алады, олардан резеңке жіксіз жабындар мен ойын және спорт алаңдарына арналған плиткалар жасалады, сондай-ақ қалдықтардың бір бөлігі қондырғылардың жұмысы үшін отын ретінде пайдаланылады.

2017 жылы «Жасыл кеңсе» пилоттық жобасы іске қосылды, жоба аясында «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас кеңсесінде макулатура мен пластикалық бөтелкелерді жиналады. Бұл жоба бұдан әрі «Қаламқасмұнайгаз», «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармалары кен орындарында жалғасын тапты.

Макулатура мен пластикалық шөлмектер шарт бойынша ақысыз негізде Маңғыстау облысының аумағында қайталама шикізатты жинаумен айналысатын компанияларға қағаз сулықтарды, дәретхана қағазын, картон орамалары мен қаптама ленталарын алу үшін шикізатты кейіннен өткізу үшін беріледі.

Бүгінгі таңда Маңғыстау облысында өндірістік қалдықтарды кәдеге жаратумен айналысатын компаниялар жоқ. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ экологиялық заңнама талаптарын сақтауды қолдайды, дей тұрғанмен жергілікті атқарушы органдар да бөлек жинау және кәдеге жарату бойынша бәсекелес ортаны дамыту үшін барлық жағдай жасауға және қоршаған ортаға теріс әсерді төмендету үшін қалдықтарды қабылдау және өткізу процесіне бастама жасауы тиіс.

А. Еділбаева, ҚТЕҚжҚОҚД,

парниктік газдар мен қоршаған ортаны қорғау қызметінің инженері

(«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ facebook желісіндегі парақшасынан)

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: