Главная Новости «Маңғыстаумұнайгаз»: жылдық қорытынды, алдағы жоспарлар, перспективалар
04 ақпан 2021, 13:02 1864 Нұрболат Аманжол

«Маңғыстаумұнайгаз»: жылдық қорытынды, алдағы жоспарлар, перспективалар

«Маңғыстаумұнайгаз»: жылдық қорытынды, алдағы жоспарлар, перспективалар

"Маңғыстаумұнайгаз" акционерлік қоғамына қарасты "Мұнайлы өлке" газеті арқылы компанияның Бас директоры Лю Цзиньчэн, Бас директордың бірінші орынбасары Қалбай Ізмұхановтың дәстүр бойынша өткен жылды қорытындылап, ағымдағы жылға арналған міндеттер мен жоспарларды таныстырды.

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры Лю Цзиньчэн«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры Лю Цзиньчэн

Лю Цзиньчэн мырза, Қалбай Әжімбайұлы мырза, алдымен өткен жылдың қорытындысын шығарайық. Компания 2020 жылды қандай көрсеткіштермен аяқтады? Осы қиын жылы өндірістік жоспарларды орындау мүмкін болды ма?

«Маңғыстаумұнайгаз»-дың 2020 жылға бекітілген мұнай өндіру жоспары 6 390 480 тоннаны құрады. Алайда, ОПЕК+ өндірісін шектеуге қатысты ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес 5 922 151 тонна көлемінде мұнай өндіру көлеміне түзету жүргізілді. Бұл ретте 2020 жылдың қорытындысы бойынша нақты өндіру көлемі 5 953 891 тоннаны құрады, түзетілген жоспардың асыра орындалуы 31 740 тоннаны құрады.

Сонымен қатар, «Маңғыстаумұнайгаз» 2020 жылдың 30 желтоқсанында мұнай өндірудің жылдық жоспарын мерзімінен бұрын орындады.

Мүмкіндікті пайдалана отырып, осындай қиын кезеңде адал еңбек еткен ұжымға шын жүректен алғыс айтқымыз келеді.

2020 жылы пандемияға байланысты әлемдік мұнай нарығы қатты әлсіреді, бір уақытта «қара алтынның» бағасы тіпті төмендеп те кетті, осындай шиеленіскен шаққа Компания қаншалықты дайын болды? Мұнай бағасы түскен жағдайда компанияда қандай да бір қосалқы жоспар бар ма?

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ 2020 жылға арналған бюджеті алғаш бекітілгенде «Брент» маркалы мұнайының әлемдік нарықтағы бағасы барреліне 60 АҚШ доллары, ал теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы 390 теңгені құраған болатын.

Алайда, 2020 жылы орын алған әлемдік пандемия мен мұнай бағасының құлдырауы салдарынан «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Компания экономикасын қалпына келтіру бойынша бірқатар іс-шаралар қабылдауға мәжбүр болды. Соның ішінде, Компания бюджеті қайта қаралды, «Брент» маркалы мұнайының әлемдік нарықтағы бағасы барреліне 28 АҚШ доллар, ал теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы 450 теңге болған жағдайда және «Брент» маркалы мұнайының әлемдік нарықтағы бағасы барреліне 21 АҚШ доллары, ал теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы 480 теңге болған жағдайда орын алуы мүмкін түрлі жағдаяттар қарастырылды.

Дегенмен, осындай күрделі жағдайға қарамастан, Компания өз қызметкерлері алдындағы жалақы төлеу және әлеуметтік төлемдер жасау бойынша міндеттемелерін толық өтеп шықты.

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ 2021 жылға арналған бюджеті «Брент» маркалы мұнайының әлемдік нарықтағы бағасы барреліне 40 АҚШ доллары, ал теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы 430 теңге болады деген жоспар негізінде жасалды. Ал біз күтпеген негативті жағдайлар орын алып жатса, бізде мұнай баррелінің бағасы 20 АҚШ доллары, ал АҚШ долларының бағамы 505 теңге көрсеткіштерімен есептелген бюджеттік сценарийлер де бар.

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директорының бірінші орынбасары Қалбай Ізмұханов«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директорының бірінші орынбасары Қалбай Ізмұханов

«Маңғыстаумұнайгаз» мұнай нарығындағы тұрақсыздыққа қарамастан әрдайым әлеуметтік жауапты компания болып қала береді, дегенмен, жаһандық пандемия жағдайында компания өңірді әлеуметтік қолдауға бағытталған жобаларды қалай жүзеге асырды?

Өкінішке орай, өткен жылы жаһандық пандемия адамдардың өміріне, кәсіпорындар қызметіне, жалпы қоғамға айтарлықтай әсер етті. Осы күрделі кезеңде «Маңғыстаумұнайгаз» жалпы сомасы 1,9 млрд теңгеден астам демеушілік көмек көрсетті.

Атап айтқанда, 718 млн теңгеге 20 өкпені жасанды желдету аппараты (ӨЖЖ), 100 млн теңгеге жуық қаржыға - толық жиынтықтағы үш реанимобиль сатып алынды, бұдан басқа біздің компания ауылдық дәрігерлік амбулаториялар үшін 15 бірлік автокөлік сатып алуға 115 млн теңгеден астам қаражат бөлді. Сондай-ақ, «Маңғыстаумұнайгаз» облыстық аурухана үшін компьютерлік томография аппаратын сатып алуға 475 млн теңге, стационарлық рентген-аппаратын сатып алуға 35 млн теңге бөлді. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің тұрақтандыру қорын қалыптастыруға жалпы алғанда 450 млн теңге бөлінді. «Маңғыстаумұнайгаз» пандемияның бел ортасында инфекциялық және провизорлық орталықтардың дәрігерлерін, блок-бекеттерде кезекшілік ететін полиция қызметкерлерін және патрульдік қызмет қызметкерлерін ыстық тамақпен ұдайы қамтамасыз етіп отырғанын, сонымен қатар Компаниямыз Ақтау – Мәскеу – Ақтау бағыты бойынша чартерлік авиарейстің шығындарын көтергенін, соның арқасында Маңғыстауға Мәскеуден жоғары білікті дәрігерлер тобы (инфекционист-дәрігерлер, пульмонологтар, терапевтер, реаниматологтар және вирустық аурулармен күресте үлкен тәжірибесі бар басқа да мамандар) келгенін еске сала кеткен жөн.

Адам денсаулығы – бұл ең жоғары құндылық, адамзатқа төнген қиын уақытта бейжай қарап тұра алмадық. Ертелі кеш бұл індеттің беті қайтып, барлығымыз қалыпты өмірге ораламыз деген үміттеміз.

Қазіргі уақытта «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ 15 кен орнында игеру жұмыстарын жүргізуде. Бүгінгі таңда олардың баланстық қорлары қандай? Мысалы, теңіз учаскелерінде жаңа кен орындарын игеру жоспары бар ма?

Мұнайдың бастапқы теңгерімдік және алынатын қорларының шамасы бойынша екі кен орны – Жетібай және Қаламқас ірі кен орындарына, қалған он үші ұсақ кен орындарына жатады.

Бүгінгі таңда «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның 15 кен орны бойынша бастапқы өндірілетін мұнай қоры 374 миллион 325 мың тоннаны құрайды. Бұл ретте 01.01.2021 ж. жағдайы бойынша мұнайдың қалдық алынатын қорлары 107 миллион 723 мың тоннаны құрайды.

Геологиялық барлау жұмыстары компания үшін маңызды міндеттердің бірі болып табылатынын ерекше атап өткіміз келеді. Егер ресурстық базаны толтырмасақ, онда бірнеше онжылдықтардан кейін біз игеріліп жатқан кен орындарындағы көмірсутек қорларын толығымен алып алатынымыз түсінікті.

Осыған байланысты, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ жұмыс істеп тұрған кен орындарын жете барлау бойынша жұмыстарды белсенді жүргізуде. 2010-2019 жылдар аралығында 15 кен орнында 3Д сейсмикалық зерттеулер жүргізілді. Бұдан басқа, жыл сайын «ММГ» АҚ көмірсутек шикізаты мен мұнай-газ активтерінің қорларын ұлғайту мақсатында барлау жөніндегі тартымды және перспективалы лицензиялық учаскелерді (оның ішінде шектес келісімшарттық аумақтарды) іздеу, анықтау және іріктеу жөніндегі іс-шаралар жүргізілуде. Сондай-ақ, жыл сайын мемлекет аукционға шығаратын көмірсутектерді барлауға арналған учаскелерді барлауға және өндіруге келісімшарттар жасасу мүмкіндігі ықтимал лицензиялық учаскелерді сатып алуды қамтамасыз ету мақсатында зерделеу бойынша жұмыстар жүргізуде.

Осы жұмыстардың шеңберінде 2021 жылы барлауға арналған келісімшартты жасасу мақсатында «Қаламқас-теңіз» және «Хазар» лицензиялық теңіз кен орындарының перспективалылығын бағалау жұмыстары жоспарланып отыр.

Бүгінгі таңда компанияда мұнай өндіруді арттыру үшін қандай жаңа технологиялар қолданылады? «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-да цифр-ландыру аясында қандай іс-шаралар жүргізілуде, мұнай секторында сандық технологиялар қандай артықшылықтар мен жаңа мүмкіндіктер ашады?

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның қабылданған даму стратегиясына сәйкес, «ММГ» АҚ басшылығы 2019 жылдан бастап өндірістік инфрақұрылымды модернизациялау мен сенімділікті арттырудың басым бағыттарына жіті назар аударып келеді.

2019 жылы жүзеге асырылған жобалар:

  • Асар кен орнының өндірістік ұңғымаларында ИСУ интеллектуалды басқару станцияларының 25 бірлігі енгізілді;
  • «ЖМГ» ӨБ бойынша МГӨЦ-3, ҚҚҰЦ сандық (цифрлық) телемеханика жүйелеріне өтті.
  • 2020 жылы жүзеге асқан жобалар:
  • «ҚМГ» ӨБ бойынша МГӨЦ-2, ҚҚҰЦ сандық (цифрлық) телемеханика жүйелеріне өтті.
  • «ЖМГ» ӨБ мен «ҚМГ» ӨБ-ларындағы МГӨЦ-1 базаларында сандық (цифрлық) телемеханика жүйелерін қайта құру бойынша жұмыстар басталды.

2021-2023 жылдарға жоспарланған жобалар:

  • «ЖМГ» ӨБ бойынша МГӨЦ-2, «ҚМГ» ӨБ бойынша МГӨЦ-4 сандық (цифрлық) телемеханика жүйелеріне өткізу;
  • Кен орындарын басқару орталықтарын енгізу (І-кезең бойынша «ҚМГ» ӨБ, «ЖМГ» ӨБ; II-кезең «ММГ» АҚ).

2020 жылы шығыс корреспонденциясы үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану компанияның электрондық құжат айналымының жүйесіне өткізілді. Жобаның іске асуы құжаттарды мақұлдауды жеделдетуге, қағаз жүзіндегі құжаттарды пайдаланудың қысқаруына әкелді.

Кен орнын барынша тиімді басқару үшін барлық процестердің бақылануын және ашықтығын қамтамасыз ету маңызды. Сандық технологиялар бұл мәселені нақты уақыт режимінде телеметрия жүйелерінен үлкен көлемде мәліметтер беру арқылы шешуге мүмкіндік береді. Деректерді талдау жедел және нақты басқару шешімдерін қабылдауға, геологиялық-техникалық іс-шараларды тиімді жоспарлауды және жабдыққа жөндеу-профилактикалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Кен орнындағы өрістің цифрлық технологиясы беретін мүмкіндіктер:

  • Жабдықтың өнімділігі мен ұңғыманың өнімділігін ағынның жылдамдығын, сөндіруді, қысымды, температураны және басқа мәліметтерді талдау арқылы оңтайландыру;
  • Қашықтан бақылау жүйесін қолдана отырып, көптеген ұңғымаларды орталықтан басқару.

Сандық кен орны технологиясы жабдықтар мен ұңғымалардың өнімділігін дебиттерді, сөндіруді, қысымдарды, температураларды және басқа да деректерді талдау арқылы оңтайландыруға, сондай-ақ қашықтықтан бақылау жүйелерінің көмегімен ұңғымалардың көп мөлшерін орталықтан басқаруға мүмкіндік береді.

Қауіпсіздік мәселелері қашанда кез-келген өнеркәсіптік кәсіпорында маңыздылардың бірі болып табылады. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-да қандай үрдіс байқалады? (өндірістік жарақаттану өсуде немесе құлдырауда, салдары және т. б., соңғы бірнеше жылдағы статистика, осы бағытта қандай да бір бағдарлама бар ма)

Әрине, компания қауіпсіздік техникасы мәселесіне көп көңіл бөледі және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау және қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау жөнінде мақсаттар қояды. Барлық осы мақсаттарға тұрақты бақылау және сапаны жақсарту, еңбек жағдайлары, қауіпсіздік және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша Қоғам қызметкерлерінің жеке және ұжымдық жауапкершілігін дамыту және ынталандыру арқылы қол жеткізіледі.

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология саласында халықаралық стандарттар бойынша компанияға енгізу және ISO 9000, ISO 29000, OHSAS 18000, ISO 14000 сертификатын алып, сертификаттау бойынша жұмыс жүргізілуде.

«Маңғыстаумұнайгаз»-да ISO 9000, ISO 29000, OHSAS 18000, ISO 14000 сертификаттарын ала отырып, еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология саласындағы халықаралық стандарттар бойынша Компанияны сертификаттау мен енгізу жұмыстары жүргізілді. Жұмыстарды қауіпсіз жүргізу туралы «Алтын қағидалар» кодексі әзірленді, еңбекті қорғау саласында жұмыскерлердің сандық және сапалық құрамын күшейту бойынша кезең-кезеңмен жұмыстар жүргізілді. Осылайша, бүгінгі таңда қауіпсіздік техникасы қызметкерлерінің күшімен өндірістегі жоғары қауіпті жұмыстарды кеңінен қамту арқылы өндірістік жарақаттану қаупі азайды. Қауіпті өндірістік нысандарда ай сайын «еңбекті қорғау күні» кеңестері өткізіледі, онда одан әрі шешу үшін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мәселелер көтеріледі. Мінез-құлықтық бақылау және «Қорғау» картасын қолдану енгізілді, оған сәйкес компаниялардың, сондай-ақ мердігерлік ұйымдардың барлық қызметкерлерін тарту арқылы жазатайым оқиғалар мен өндірістік жарақаттанудың алдын алу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Мердігер ұйымдарды басқару жөніндегі стандарт әзірленді, оған сәйкес мердігер компанияларды инспекциялау жүргізілуде және өнеркәсіптік, экологиялық қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарын сақтау бойынша рұқсат беру тәртібі белгіленді.

Айта кету керек, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ KIOSH «Сенім-2019» конкурсы бойынша еңбекті қорғаудың үздік қызметі ретінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша бірінші орынды иеленді. Сондай-ақ, «Парыз-2020» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі конкурсындағы «еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» номинациясына қатысқаны үшін алғыс хатты иемденді. Жоғарыда аталған барлық жұмыс өз жемісін беруде және іс жүзінде бүгінгі күні өндірістік жарақаттану жылдан жылға төмендеп келеді.

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-да қандай табиғатты қорғау іс-шаралары өткізіледі, атап айтқанда тарихи ластанған аумақтарды жою үшін белгілі бір шаралар қолданылуда ма?

Өзіңізге белгілі, 2019 жылдың 6 тамызында ҚР экология, геология және табиғи ресурстар Министрлігі мен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ арасында қоршаған ортаны қорғау саласында бірлесе әрекет ету туралы Меморандумға қол қойылған болатын. Аталған Меморандум аясында Тараптар қоршаған ортаның сапалық көрсеткіштерін жақсартудың өзектілігі мен қажеттілігін ескерте келе өлкенің ең ірі мұнай өндіруші компаниялары «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ және «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ мұнай кәсіпшілігі аумағында жиналған «тарихи» мұнай қалдықтарын жою/қайта өңдеу мәселелеріне мән беру керектігін ұйғарды. 2020 жылы «ҚазМұнайГаз» ұлттык компаниясы акционерлік қоғамы Басқармасы тарапынан Меморандум шеңберінде мұнай қалдықтарын жою жөніндегі Стратегия да мақұлданды.

Біздің Компания тарапынан полигондар мен аумақтарда «тарихи» қалыптасқан мұнай қалдықтарын қайта өңдеу мақсатында жыл сайын қомақты қаражат бөлініп тұрады. Соңғы бірнеше жыл ішінде «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ кенорындарында 10 полигон мұнай қалдықтарынан түбегейлі тазартылып, ликвидациялық және рекультивациялық шаралар жүргізілді. Қазіргі таңда ол аумақтардың барлығы мемлекеттік құзыретті органдардың қадағалауынан өтіп тұр.

Бұл жұмыстар одан әрі де жалғасын тауып, категориялық сатып алу Стратегиясының аясында жүзеге асырыла береді. Қабылданған Стратегияны жүзеге асыру үшін барлық келісім шарттарда әлеуетті жеткізушіні сапалық және мерзімдік талаптарды орындауға ынталандыратын әрекет ету тиімділігінің негізгі көрсеткіштері мен іс-шаралар қамтылуы тиіс.

Жеткізуші әрекетін бағалау келесі мәселелерді ескере отырып жүзеге асырылмақ:

  • Мұнай қалдықтарын сапалы залалсыздандыруға мүмкіндік беретін техникалық және технологиялық мүмкіндіктерінің болуы;
  • Әлеуетті жеткізушілерді жұмыс басталмас бұрін тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтан өткізу;
  • Мемлекеттік органдар тарапынан әлеуетті жеткізушінің жұмыс жасауына тыйым салатын қандай да бір кінараттардың, нұсқаулар мен талаптардың болмауы;
  • Бастапқыда келісімшарттар 2 жылға жасалып, тағы 1 жылға ұзарту мүмкіндігі қарастырылатын болады.

Бұрынғы ұзақ мерзімді келісім-шарттардан айырмашылығы – бұдан былай әлеуетті Жеткізуші «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ кен орындарының аумағында орналасып, мұнай қалдықтары контрактті аумақ сыртына шығарылмайды. Қайта өңдеу және қалпына келтіру жұмыстарынан кейінгі өнім, яғни тазартылған топырақ, мұнаймен ластанған топырағы алынған, тазартылған аумақтарға төселеді.

Экологиялық қауіпсіздік пен қоршаған ортаға деген үздіксіз қамқорлық «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қызметіндегі басым бағыттардың бірі болып қала бермек.

Қорытындылай келе, 2021 жылға арналған негізгі өндірістік жоспарлар туралы қысқаша айтып берсеңіз.

2021 жылға бекітілген мұнай өндіру жоспары 6 050 452 тоннаны құрайды, бұл 2020 жылғы нақты өндіруден 96 561 тоннаға артық.

Жоспарда 383 млн м3 көлемінде ілеспе газ өндіру; табиғи газ өндіру – 420 млн м3; 169 жаңа ұңғыманы бұрғылау (оның ішінде 134 – мұнай; 20 – айдау; 8 – су алу және 7 бағалау ұңғымалары).

2021 жылы бірлескен күш-жігеріміздің арқасында алға қойған мақсаттарымызға жетеміз деп үміттенеміз!

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: