Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Бүгін, 10 сәуірде, "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ Басқармасында кадрлық ауыс-түйіс болып, Бас директордың бірінші орынбасары қызметіне Қалбай Ізмұханов тағайындалды деп хабарлайды Компанияның жұртшылықпен байланыс бөлімі.
Компания ұжымының жалпы жиналысында "Қазмұнайгаз" ҰК" АҚ Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Жақып Марабаев жаңа басшыны ұжыммен таныстырып, Қалбай Әжімбайұлының ұзақ уақыт мұнай өндірісі саласында табысты еңбек етіп келе жатқан білікті маман, тәжірибелі өндіріс ұйымдастырушы, кәсіби деңгейі жоғары жетекші екендігін атап өтті. Сондай-ақ, бұрынғы басшы Бақыт Иманбаевтың Компанияның экономикалық-әлеуметтік дамуына сіңірген зор еңбегін жоғары бағалап, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

Қалбай Ізмұханов Қазақ политехникалық институтының түлегі. РФ Президенті жанындағы Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын "МВА: менеджмент және халықаралық бизнес" мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын "Маңғыстаумұнайгаз" акционерлік қоғамына қарасты "Жетібаймұнайгаз" өндірістік басқармасында ұңғыларды жерасты жөндеу операторлығынан бастап, цех шебері, инженер-технолог, мұнай-газ өндіру цехының бастығы, бас инженер-басқарма бастығының орынбасарлығына дейінгі кәсіби баспалдақтан өтті. "Қаражанбасмұнай" АҚ, "Қарақұдықмұнай" ЖШС ("ЛУКОЙЛ Оверсиз Холдинг Лтд" операциялық компаниясы) сияқты ірі компаниялар тобында, сонымен қатар "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ жүйесінде басшы қызметтерде болды. 2017 жылдың 13 шілдесінен 2109 жылдың 10 сәуіріне дейін "Технологиялық көлікті басқару және ұңғымаларға қызмет көрсету" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры болып істеді.
Осыған дейін "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ Басқарма мүшесі, компания Бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарған Бақыт Иманбаев Қазақ мұнай-газ зерттеу-жобалау институтының директоры болып тағайындалды.

10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
51
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
58
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы