Главная Новости Майнерлерге тек артық электр энергиясын пайдалануға рұқсат етіледі – сарапшылар
16 ақпан 2024, 10:40 600

Майнерлерге тек артық электр энергиясын пайдалануға рұқсат етіледі – сарапшылар

Майнерлерге тек артық электр энергиясын пайдалануға рұқсат етіледі – сарапшылар

Электр энергиясы жетіспеушілігінің себептері және елімізде майнингтік бизнесті дамытудың негізгі аспектілері туралы Қазақстандық электр энергетикасы қауымдастығы Директорлар кеңесінің төрағасы Анатолий Шкарупа мен Қазақстандық блокчейн технологиялар және дата-орталықтар қауымдастығының төрағасы Дәурен Қарашев «Голос народа» ақпараттық сайтындағы подкаста айтып берді.

Қазақстандық электр энергетикасы қауымдастығының төрағасы бұл жағдайды экономиканың белгілі бір саласының, атап айтқанда майнерлердің кінәсінен гөрі бірнеше фактордың сәйкес келуі деп есептейді.

«Электр энергиясының тапшылығына майнерлер әсер етіп отыр деу– бұл үлкен пікірталас туғызатын мәселе. Дегенмен, мен бізге валюталық кіріс әкелетін және Президентіміз елге шақырған жаңа сала ретінде майнерлер пайда болғаннан кейін жалпы энергия тұтыну өскенін атап өткім келеді. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар көлемін ұлғайтып, жаңалары ашылуда, біз күннен-күнге көбірек тұтынамыз. Сайып келгенде, жалпы электр энергиясының тапшылығына емес, оның белгілі уақытта адамдардың жаппай тұтынуынан болатын тапшылығына ұшырап отырмыз», - деп атап өтті энергетик.

Сондай-ақ, Анатолий Шкарупаның бағалауы бойынша нақ осы майнинг компаниялары электр энергиясын тұтыну саласындағы аутсайдерлер болып отыр.

«Бүгінде біз энергия тұтынуға қатысты экономиканың жекелеген салаларына дискриминация жасалатынын көріп отырмыз. Атап айтқанда, мемлекет қатаң реттеген жаңа сала – майнинг саласы электрмен жабдықтау кезінде кезектің ең соңында тұр», - деп атап өтті ол.

Өздеріңіз білетіндей, 2023 жылдың 1 шілдесінде Кейбір заңнамалық актілерге электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң қабылданды. Осы түзетулер аясында Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының моделі енгізілді. Осы модельге сәйкес майнерлерге тек артық электр энергиясын пайдалануға рұқсат етіледі.

Қазақстандық блокчейн технологиялар және дата-орталықтар қауымдастығының төрағасы Дәурен Қарашевтің айтуынша, қазір елде майнингтік компаниялардың қалай жұмыс істейтініне қатысты түсінбеушіліктер бар.

«Майнерлер – экономиканың тең құқылы субъектілері. 2021-2022 жылдары электр энергиясының тапшылығы нақ осы майнерлердің кесірінен туындағанына дәлелді айғақтар болмаса да, олардың беделіне қатысты барлық салмақ майнерлердің мойнына түскені рас. Сондай-ақ, Қазақстан нарығындағы майнерлердің саны туралы нақты деректер болмағандықтан, сол кезеңде реттеушімен де белгілі бір проблемалар байқалды.

Сәйкесінше, Қауымдастық нарықтың адал бір бөлігі ретінде бұл мәселені бақылауға алып, депутаттарға реттеудің құқықтық тетіктерін ұсынды. Қазіргі таңда біз барлық майнерлерді алақандағыдай анық көреміз, ал реттеуші майнерлердің электр энергиясын тұтынуын қатаң бақылайды».

Сонымен қатар, сарапшы саланың тұрақтылығы мен дамуын қамтамасыз ету үшін майнерлермен мемлекеттің ынтымақтастығы қажет екенін атап өтті:

«Цифрлық майнингтің қызметі біраз дүрбелең туғызды. Қазақстанның ғана емес, әлемнің қаржы институттарының көпшілігі бұл салаға сенімсіздікпен қарайды. Мұндай ірі жобаларды жүзеге асыру үшін банктік кепілдік қажет. Қазақстанда осындай генерацияларды құратын инвесторға кепілдік қажет. Егер мемлекет бұл мәселеде майнерлермен бірге жұмыс істесе, кепілдік мәселесі айтарлықтай жеңілдейтін еді», - деді сарапшы.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: