Главная Новости Майнинг фермалар ұлттық электр жүйесінен бөлінуі мүмкін
20 мамыр 2022, 14:56 475

Майнинг фермалар ұлттық электр жүйесінен бөлінуі мүмкін

Майнинг фермалар ұлттық электр жүйесінен бөлінуі мүмкін

Энергетика министрі Болат Ақшолақов майнинг фермаларды ұлттық электр жүйесінен бөліп тастауды ұсынды, деп хабарлады Egemen.kz.

«Бұл әзірге ой-пікір деңгейінде ғана қаралып жатыр. Нақты шара болуы үшін заңды түрде бекіту керек. Заңның өзінен бастап, заңнан туындайтын ережелерге түзетулер енгізілуі керек. Себебі майнингтің құны өсетін болса, электр қуатының тапшылығы туындауы мүмкін. Оны болдырмау үшін алдын ала шара енгізуіміз қажет. Біздің ойымыз, біріншіден, майнинг нарығы сырттан келетін импорттық электр қуатын тұтынушы деп танылуы керек», - деді министр.

Оның айтуынша, болашақта майнинг кәсіпорындары ұлттық электр жүйесінен тысқары стансалар құрып, сол арқылы электр тұтына алуы мүмкін.

«Сондай-ақ баламалы энергияның құны да біраз қымбат. Оны да майнинг саласының кәсіпорындары тұтынады деп енгізуге болады. Майнингпен айналысатын кәсіпкерлер өз атынан, өз ақшасымен станса құратын болса және бұл станса ұлттық электр жүйесіне кірмей, өздері тұтынушы ретінде алатын болса, оған ешқандай тыйым жоқ. Оны да жасауға болады», - деді Болат Ақшолақов.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Нур-Султан, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: