Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Оңтүстік өңірлерде электр энергиясын тұтыну көрсеткіші 12% артқан, деп хабарлады Информбюро порталы.
2021 жылға дейін Қазақстанда майнерлер болмаған кезде электр энергиясын тұтыну жылына орташа есеппен 2% өсті. Былтыр оның алдындағы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тұтыну өсімі 6,1%-ды құрады. Ал оңтүстік аймақта бұл көрсеткіш 12%-ға дейін жетіп отыр, деп мәлімдеді энергетика министрі Болат Ақшолақов.
«Ең жоғары жүктеме тіркелген кезде энергия жүйесінде электр қуатының тапшылығы байқалып отыр. Бұл өз кезегінде энергия өндіретін ұйымдардың жабдықтарының істен шығуының жиілеуіне алып келеді. Мұнымен қатар, қосылған қуат мөлшері күрт өседі. Қажеттіліктің өсуінің негізгі себебі – цифрлік майнинг субъектілерінің қызметі», – деді Болат Ақшолақов.
Әрі қарай министр криптовалюта өндірісінің энергетика саласында апаттардың жиілеуіне қалай әсер етіп отырғанын түсіндірді.
«Криптовалюта өндіру – ауқымды энергияны қажет ететін процесс. Қандай да бір цифрлық валюта түрінде сыйақы алу мақсатында қосылған жабдық тәулік бойы жұмыс істейді. Бұл ретте жабдықтың жекелеген модельдері сағатына шамамен 2,5-3 кВт энергия тұтынады. Ал бұл бір жабдықтың айлық тұтынуына тең, яғни үш бөлмелі пәтердің тұтынуынан 8 есе артық. Мысалы, Bitmain Antminer S19 pro 110th 3,25 кВт/сағ электр энергиясын тұтынады», – деді министр.
Елдегі майнинг жабдықтарының саны ондаған мыңға жетіп отыр. Осы орайда, Болат Ақшолақов халық үшін энергия шектеуге байланысты ауыр салдарға жол бермеу мақсатында жүйелік оператор күнделікті негізде барлық қажетті шараларды қабылдап жатқанын айтты.
«Энергетика министрлігі электр энергетикасы саласындағы кейбір нормативтік құқықтық актілерге түзетулер енгізді», – деп қосты министр.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!